Arna Press,
вчера
в 10:58
Семей қаласындағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жарық шағылыстыратын жол таңбалары орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шара жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырып, жолдағы көріну деңгейін жақсартуға бағытталған.
Arna Press,
19 мая 2026
в 16:48
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасапАймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.
Arna Press,
08 мая 2026
в 11:28
7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдікке сілтеме жасап. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт жасөспірім болған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 11:08
2026 жылғы 29 сәуір күні Семей қаласындағы автокөлік көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 23 жастағы жүргізуші басқарған «Chevrolet» маркалы автокөліктің қозғалыс кезінде алдыңғы дөңгелегі жарылып кеткен.
Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
Arna Press,
03 марта 2026
в 11:38
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көктемгі су тасқынына дайындық шаралары бойынша арнайы жиын өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңеске тиісті басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Қазгидромет РМК Абай облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Болатқан, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтарханов баяндама жасады.
Arna Press,
09 февраля 2026
в 12:08
Семей қаласында Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына өтуге байланысты тұрғындар тарапынан қиындықтар туындап отыр. Ата-аналар мен қала тұрғындарының айтуынша, нысанға жаяу жету қолайсыз, бұл әсіресе балалар үшін қауіп төндіреді.Осыған байланысты Arnapress.kz редакциясы Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ресми сұрау жолдаған болатын.Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына жаяу жүргіншілер көпірін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өту сатысында.«Жобаға сәйкес, ұзындығы 51,80 метр, ені 3,50 метр болатын металл жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделген. Өту бөлігінің биіктігі 2,50 метрді құрайды.
Arna Press,
05 февраля 2026
в 13:08
Семейдегі жаңа көпірдің аралық құрылысына арналған 9 мың тонна металл конструкция сатып алынып, оның 2,6 мың тоннасы нысанда монтаждалған дейді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Arnapress.kz ресми сұрауында.Семей қаласындағы жаңа көпір былтырғы жылы яғни, 2025 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған еді.
Arna Press,
21 августа 2025
в 19:28
Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұндағы асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары 16 тамызда басталған болатын. Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын жолдың ескі асфальт қабаты қырып алынып, орнына қалыңдығы 6 см жаңа тасты-мастикалық асфальт төселді.
Arna Press,
13 августа 2025
в 16:58
Облыс әкімі Берік Уәли Семейді аралау барысында жергілікті халыққа «ескі көпір» атауымен белгілі автогуж көпірінің жолы толық асфальт төселетінін жеткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Апта соңында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарын бастау қажет. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз.
Arna Press,
09 июня 2025
в 15:38
Берік Уәли Семейдегі халық жиі баратын демалыс орындарын аралап, аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта облыс орталығының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабынын толық ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Arna Press,
20 мая 2025
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 17:08
Бүгін Абай облысында жол құрылысы маусымы ресми түрде ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықаралық маңызға ие «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының бойында өткен шараға облыс әкімі Берік Уәли, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
11 марта 2025
в 15:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.
Arna Press,
24 февраля 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгінде нысан құрылысына екі ауысымда 130-дан астам адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда 9 тіреудің 5-уі орнатылып, көпір өткелінің металл конструкциялары құрастырылуда.
Arna Press,
21 января 2025
в 19:38
Семейдегі ескі көпір уақытша жабылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Қалалық әкімдік жасаған хабарламада, ескі көпірде қар тазалау жұмыстары жүргізілетіні жайлы жазылған.«Жабылу уақыты 21 қаңтар, сағат 21:00-ден 22 қаңтар, сағат 06:00-ге дейін. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Arna Press,
25 декабря 2024
в 12:18
2024 жылдың 25 желтоқсанында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі ең ірі «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» республикалық автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қайта жаңарту жұмыстары осы жолдың 287-1013 шақырым аралығында жүргізілді.Жалпы ұзындығы 768 шақырымнан тұратын жолдың 38 шақырымы І техникалық санатқа, 730 шақырымы ІІ техникалық санатқа ауыстырылды.Жоба жұмыстары Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының аймағында жүргізіліп, 16 учаскеден тұрды.
Arna Press,
09 августа 2024
в 00:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Arna Press,
27 марта 2024
в 14:28
Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған.
Tengrinews,
22 января 2024
в 09:13
Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын «үйлерің сүріледі» деген хабар алғанымен, «жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ» дейді.
Arna Press,
15 января 2024
в 15:58
Астаналық полицейлер көпірден секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Сағат 07:30 шамасында «102» пультіне белгісіз азаматшаның Бейсекова көшесінің бойындағы көпірден секіріп кеткісі келетіні туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы екі минуттың ішінде жеткен.Қарлы боран мен нашар көріну салдарынан қызметкерлер көпірдегі адамды бірден анықтай алмаған.
Arna Press,
21 декабря 2023
в 14:38
Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Жоба Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Arna Press,
06 октября 2023
в 15:48
Журналистерге арналған брифингте Абай облысының әкімі Семейді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл Молдағалиев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі көшенің бойында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Оның аясында көпқабатты тұрғын үй, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысаны, мектептер, сондай-ақ, кең жағажай салынады. Қазіргі таңда 1200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.
Tengrinews,
14 июля 2023
в 15:43
Алматыда жолдағы кептілісті азайту үшін салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі жеделсатылар мүлде істемейді. Салдарынан арбамен баласын сүйреп жүрген ана, таяқпен әрең жүрген қариялар бір бағыттан екіншісіне өткенше атсоқты күйге түседі. Massaget.kz тілшісі тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, осы мәселеге қатысты Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдап көрді.
Arna Press,
21 июня 2023
в 19:28
Сол жағалаудағы көпір астындағы жаңа қоғамдық кеңістікте байланысты даулы мәселе туындады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Қазақстандық суретші Мағира Тілеуберлина Семей қаласында мұралдарды жасау үшін оның жұмыстарын рұқсатсыз пайдаланды, деп жазды әлеуметтік желіде.Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсіп, авторлық құқықты бұзғандығын бір ауыздан айттып отыр.Жаңа қоғамдық кеңістікте иллюстрациялар жасау кезінде авторлық құқықты бұзу жағдайы бойынша әкімдік ресми хабарлама берді.