Популярные темы

Кездесу: новости

Жарақат пен жеңілістен кейінгі күміс: Абайлық таеквондошы спорттағы қиындықтарын айтты

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

Жарақат пен жеңілістен кейінгі күміс: Абайлық таеквондошы спорттағы қиындықтарын айтты
4-7 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналып, WT (World Taekwondo) нұсқасында бақ сынады. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған чемпионатта Абай облысының намысын қорғаған Ильяс Қайратов 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.

Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

Arna Press, 02 сентября 2026 в 16:38

Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді
2026 жылғы 4 қыркүйекте Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімңнің баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу Қарауыл ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында сағат 12:00-де басталады.Кездесу алдында, сағат 11:30-да, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 8 775 814 82 25 нөміріне хабарласу қажет.Фото: Облыс әкімдігі баспасөзінен

Семей қала әкімі 15-шағын аудан тұрғындарымен көшпелі жиын өткізді

Arna Press, 01 сентября 2026 в 12:38

Семей қала әкімі 15-шағын аудан тұрғындарымен көшпелі жиын өткізді
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 15-шағын аудан, 9-үй тұрғындарымен кездесіп, көшпелі жиын өткізді, деп хабарлацды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу барысында тұрғындар кәріз жүйесінің жай-күйі, ауланы абаттандыру, ағаштарды күтіп ұстау және тұрғын үйге кіреберіс жолдың жағдайы секілді бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.Көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

Arna Press, 03 августа 2026 в 15:18

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін
Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Теміртаудағы тігіншілердің құқықтары қорғалған ба – «Әділет» өкілдері «Qarmet Service» компаниясына барды

EKaraganda.kz, 29 июля 2026 в 20:15

Теміртаудағы тігіншілердің құқықтары қорғалған ба – «Әділет» өкілдері «Qarmet Service» компаниясына барды
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кандидаттар «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Айта кетейік, партия сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамыту, өңірлердегі өндірістерді жаңғырту және еңбек адамдарын әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғауға басымдық беріп отыр.

Анна Данилина мен Александра Крунич ширек финалға шыға алмады

SportInfo, 07 июля 2026 в 07:36

Анна Данилина мен Александра Крунич ширек финалға шыға алмады
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 2026 жылғы Уимблдон турнирінің үшінші айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұрған қазақстандық теннисші шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінде сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.

Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның жұптық сынында жеңіске жетті

SportInfo, 07 июля 2026 в 07:16

Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның жұптық сынында жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық сынының бірінші айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы Sportinfokz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шөп төсенішіндегі турнирде қазақстандық спортшы америкалық Джейк Секордпен жұптасып өнер көрсетуде.

Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы жарысын бірінші айналымда аяқтады

SportInfo, 03 июля 2026 в 20:16

Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы жарысын бірінші айналымда аяқтады
Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уимблдондағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жұптық сынында бірінші айналым матчында өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Олардың алғашқы қарсыластары нидерландылық Йеспер де Йонг пен франциялық Валантен Руайе болды.

Александр Бублик Штутгарттағы турнирді жартылай финалда аяқтады

SportInfo, 14 июня 2026 в 11:06

Александр Бублик Штутгарттағы турнирді жартылай финалда аяқтады
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың үшінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандық теннисші финал жолдамасы үшін әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездесті.

Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты

SportInfo, 14 июня 2026 в 10:46

Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы атанған қазақстандық теннисші 1/4 финалда әлемнің 73-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

SportInfo, 06 июня 2026 в 07:06

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты
Жұптық сында елдің үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының бас жүлдесіне таласады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Сюко Аояма (Жапония) / Лян Энь-Шо (Тайвань) тандемін қапы қалдырды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды

Arna Press, 01 июня 2026 в 12:18

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушы Ақордада арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент резиденциясына пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттары шақырылды.Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды.

Абай облысында жоспарланған 65 медициналық нысан толық салынды

Arna Press, 29 мая 2026 в 13:28

Абай облысында жоспарланған 65 медициналық нысан толық салынды
Абай облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Жалпы еліміз бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 655-і ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған.

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды

Arna Press, 26 мая 2026 в 13:28

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды
Абай облысының әкімі Берік Уәли компания директорлар кеңесінің төрағасы Шыңғыс Құлжанов бастаған инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында гидроэнергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Аталған құжат аясында Ертіс өзенінде жалпы қуаттылығы 900 мегаватт болатын Белокаменская, Ақжар және Известковская су электр стансаларын салу жоспарланған.

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

SportInfo, 26 мая 2026 в 11:16

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің финалдық кезеңіне шықты

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:26

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің финалдық кезеңіне шықты
Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды. Шымкентте өтіп жатқан Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алған отандастарымыз әлемдік біріншіліктің шешуші сатысына мерзімінен бұрын өтті.

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп Junior Davis Cup плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

SportInfo, 21 мая 2026 в 08:46

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп Junior Davis Cup плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия/Мұхит жағалауы аймағы бойынша топтық кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы турнирдің екінші нөмірлі командасы саналған Оңтүстік Кореяны қапы қалдырып, плей-офф сатысына өз тобынан бірінші орынмен жолдама алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Кореялық теннисшілерге қарсы кездесу ұзаққа созылды.

Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды

SportInfo, 18 мая 2026 в 11:06

Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
Шымкентте 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Billie Jean King Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) мәресіне жетті. Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

SportInfo, 14 мая 2026 в 10:36

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейінгілер) Шымкентте өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетуде. Шешуші матчта Тайланд командасын тізе бүктірген Ярослава Шведованың шәкірттері турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

9 жылдан кейін әділдік орнады: Абай облысында резонанстық адам өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

Arna Press, 12 мая 2026 в 13:08

9 жылдан кейін әділдік орнады: Абай облысында резонанстық адам өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды
Абай облысында 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында жасалған аса ауыр қылмысқа қатысты тергеу толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Тоғыз жыл бойы жүргізілген ауқымды іздестіру және тергеу жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, жауапкершілікке тартылды.Тергеу мәліметінше, төрт адам алдын ала сөз байласып, қымбат автокөлікті сатып алу сылтауымен оның иесімен кездескен.

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

EKaraganda.kz, 07 мая 2026 в 20:56

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті
Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды. «Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті.

«Бақты — Аягөз» жобасы: 1200 жаңа жұмыс орны ашылады

Arna Press, 28 апреля 2026 в 11:38

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы қарқынды талқыланып, жобаны іске асыру барысы бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновпен кездесу өткізіп, маңызды инфрақұрылымдық бастамаларды пысықтады.Жиынға өңірлік басқарма басшылары, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен вокзалдарды жаңғырту мәселелері жан-жақты қаралды.«Бақты — Аягөз» теміржол желісі Абай облысының экономикалық дамуына тың серпін береді.

Семейдегі сауда үйлерінің санитарлық жағдайы сынға ұшырады

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Семейдегі сауда үйлерінің санитарлық жағдайы сынға ұшырады
Абай облысының әкімі Берік Уәлинің тапсырмасына сәйкес, Семей қаласының әкімі Әділет Қожамжаров сол жағалауда орналасқан бірқатар сауда нысандарын аралады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, қала басшысы «Жаңа базар», «Океан», «Мереке» және «Южный» сауда үйлерінде болып, кәсіпкерлермен және нысан жетекшілерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында аталған сауда орындарының санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні анықталды.
Показано 30 новостей из 102