Популярные темы

Заңсыз балық аулау: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды

Arna Press, 28 апреля 2026 в 17:58

Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды
Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлік тоқтатылып, көлікте заңсыз ауланған 18 келі балық тасымалданғаны анықталды.Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға, ау құралдарын қолдануға және өзге де заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде айқындап, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді.

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулау деректерегі анықталды

Arna Press, 22 апреля 2026 в 16:28

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулау деректерегі анықталды
Облыс аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. Оның мақсаты – балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.Алғашқы бес күнде табиғатты қорғау полициясы 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Абай облысында заңсыз балық аулау дерегі тіркелді

Arna Press, 20 апреля 2026 в 13:38

Абай облысында заңсыз балық аулау дерегі тіркелді
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Нерест» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Аталған шара аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 3 новости из 3