Arna Press,
17 февраля 2026
в 18:28
2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР ТЖМ 1Сейсмологиялық зерттеу институты1 ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сілтеме жасапМамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл болған.
Arna Press,
08 мая 2025
в 13:38
Аягөз ауданының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды.
Arna Press,
12 июля 2024
в 13:18
Жетісу облысындағы Алакөл көлі маңында түнде жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық деректер орталығы ГЗИ ҰЯО жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 23:24-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
Крыша,
06 марта 2024
в 16:47
Krisha.kz сайтының сарапшылары Алматыдағы жер сілкінісі нарыққа қалай әсер еткенін анықтады. Пәтер сату жиілеп кетті ме, Астанада жылжымайтын мүлікке, Алматыда жер үйге сұраныс артты ма?Алматыда пәтер сату жөнінде жаңа хабарландыру саны артқан жоқ. Көрсеткіштер шамамен басқа күндердегідей.Krisha.kz деректеріне сүйенсек 5 наурызда Астанада жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер саны өспеген.
Крыша,
04 марта 2024
в 18:07
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.
Arna Press,
04 марта 2024
в 13:58
Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда тағы бір күшті жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жерасты дүмпулерінің күші 5,4 балл.4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқандығын айтты.Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін хабар берілді, мониторинг жүргізілуде.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
10 февраля 2024
в 18:38
Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді.Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл.
Крыша,
24 января 2024
в 14:17
23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Эпицентрі қаланың оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қырғызстанмен шекарада болған. Бірнеше минут бойы 5 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезіліп тұрды.Мегаполис қауіпті аймақта тұрғаны бәрімізге аян, сондықтан мұндағы әр адам кез келген уақытта зілзалаға дайын болуы керек.
Arna Press,
23 января 2024
в 16:28
23 қаңтарда өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жер сілкінісі туралы блогерлердің болжамына сену керек пе, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Блогерлердің бірі 15-17 қаңтарда Алматы мен Алматы облысында жер сілкінісі болады деп болжаған.
Arna Press,
23 января 2024
в 11:08
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қазақстандықтарды үрейленбеуге шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Министр 23 қаңтарда түнгі сағат 00.09-де эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелгенін атап өтті.«Сағат 07.00-дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (00.09 сағат, 00.42 және 01.36 сағат).
Arna Press,
07 января 2024
в 11:38
Жапонияның батысында қатты жер сілкінісі болғаннан кейін 124 сағат өткен соң құлаған үйден жасы 90-дар шамасындағы әйел тірідей шығарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТараған жаңалықтарда құтқарушылар көгілдір пластикпен аймақтың көрінісін жауып жатқаны көрсетілген. Әйел еш жерде көрінбейді.Алғашқы 72 сағаттан кейін тірі қалу мүмкіндігі төмендейді.
Arna Press,
13 октября 2023
в 13:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстан Ислам Әмірлігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін күштік ведомстволардың өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жіберіледі, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында 5,5-тен 6,3 балға дейінгі әртүрлі магнитудадағы жер сілкінісі болды.
Arna Press,
10 октября 2023
в 17:08
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған күштер мен құралдар тобын әзірлікке келтірді.