SportInfo,
27 июня 2026
в 09:36
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің екінші жарыс күні өтті. Бұл жолы бәсеке жастар арасында жалғасты. Қазақстан құрамасы 27 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ерекше ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасапБір уақытта 18 мыңнан астам бала қазақтың көне ұлттық ойыны — асық ойнауға қатысты.Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.Шара аясында 3000 бала «Алтын сақа» атты флешмобқа қатысып, арнайы композиция құрып, асықтың «алшы» түсу бейнесі мен «Алтын сақа» жазуын сомдады.