Arna Press,
18 декабря 2025
в 21:08
Абай облысында біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) пайдалану бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Абай облыстық филиалы 2021 жылдан бері өңір тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалануы жайлы филиал басшысына бірнеше сұрақтар жолдаған едік, — деп хабарлайды Arnapress корреспонденті.Сұрақтар мазмұны мынандай болған еді:1.
Arna Press,
19 августа 2025
в 18:48
Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді.Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс.
Arna Press,
02 декабря 2024
в 14:48
Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 млн-нан 262 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ долларын құрады.«Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қараша айында Ұлттық қордан 1 260 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 60 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды.
Arna Press,
06 сентября 2024
в 15:08
Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.Көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады.Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат береді.Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.Көрсетілетін қызметті алушы көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.Соттан тыс банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:Соттан тыс банкроттық рәсімі порталда тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы тоқтатылады.Соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Arna Press,
21 августа 2024
в 13:38
Қазақстан банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несие көлемін шектеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген тұтыну банкі несиелерінің сомасы келесі талаптарға сәйкес келеді:Еске салайық, бұл ломбардтардың 1 жылға дейінгі мерзімге 8 000 АЕК (29 536 000 теңге) мөлшерінде микрокредиттер беруі және микроқаржы ұйымдарының азаматтар мен заңды тұлғаларға 1 жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беруі.
Arna Press,
22 июля 2024
в 18:58
Ұлттық Банктің 2024 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қағидаларда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау қызметін жүзеге асырған жағдайда, бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау жөніндегі операцияларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар түпнұсқалығы мен төлемділігін айқындағаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүргізу тәртібі белгіленеді.Жаңа редакцияда тозығы жеткен банкноттар қатарына мынадай ақаулары бар банкноттар жататындығы нақтыланды: Ұлттық Банк белгілеген өлшемнің 50% және одан да көп пайызынан айырылған банкноттар, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқалық банкноттардың фрагменті бар және кесілген банкноттар төлемге жарамсыз болып табылады.Қаулы 2024 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
07 июня 2024
в 19:18
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов 7 маусымда ОКҚ брифингінде банктер мен микроқаржы ұйымдары қазақстандықтарға кредиттерді есептен шығаруға міндетті болатын жаңа норма туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚНДРА басшысының орынбасары ақпан айында банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту туралы заңның нормалары күшіне енгенін еске салды.
kapital.kz,
22 мая 2024
в 14:46
Фото: Руслан ПряниковRanking.kz сараптамалық агенттігі Jusan Bank-ті реттеуші стандарттарынан бірнеше есе асып түсетін республиканың екінші деңгейлі ірі банктері арасында меншікті капитал жеткіліктілігінің ең жоғары деңгейі бар қаржы институты деп атады.2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банктік секторы 21 банкпен ұсынылған. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атап өткендей, банк секторының жеткілікті капитал қоры бар, бұл ЕДБ қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізіп жатыр.Осылайша, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ЕДБ реттегіш меншікті капиталы 8,1 трлн тг құрады — бұл өткен жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 27,7%-ға көбірек.
Arna Press,
04 мая 2024
в 11:58
Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді. «Ұлттық банк теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру мәселесін алға қойған. Бұл біздің инвестициялық және экономикалық бағытта тұрақты дамуыңызға әсер етеді.
Arna Press,
29 апреля 2024
в 11:48
Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.– Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады.
Arna Press,
28 февраля 2024
в 12:38
Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қор мәліметінше, 2024 жылғы наурызда жеке тұлғалардың тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша келесі шекті пайыздық мөлшерлемелер қолданылады:Айта кетейік, екінші деңгейдегі банктер өз депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері туралы өз бетінше шешім қабылдайды.
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Крыша,
26 декабря 2023
в 15:17
Қазақстан тұрғындарына жаңа жеңілдікті ипотека қажет екені былтырдан бері айтылып келеді, бұған құрылыс пен банк секторында жылдам ақша жоқтығы қатты әсер етті.Krisha.kz жағдайды зерттеп, қазіргі жеңілдікті ипотекалар қалай жұмыс істейтінін біліп, Қазақстанда жаңа жеңілдікті ипотека іске қосыла ма, жоқ па, анықтады.Krisha.kz сайты қарашаның аяғында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жаңа ипотеканы іске қосу туралы сұраған еді, ведомство былай жауап берді:— Бүгінгі таңда министрлік өз құзыреті шеңберінде нарықтық ипотекалық бағдарламалар әзірлемейді.
EKaraganda.kz,
21 декабря 2023
в 18:45
В Департаменте сообщили, что в случае неуплаты налогов, за каждый день просрочки начисляется пеня на неуплаченную сумму налогов в размере 1,25-кратной базовой ставки Национального Банка.По суммам задолженности высшее 1 МРП, выносится налоговые приказы и направляются для исполнения в региональную палату судебных исполнителей.Судебные исполнители в соответствии с законом об исполнительном производстве принимают такие меры как — арест имущества, арест банковского счета, ограничение выезда за пределами РК и т.д.Необходимо отметить, что за счет средств должника производится оплата деятельности частного судебного исполнителя в размере от трех до двадцати пяти процентов в зависимости от суммы взыскания.
Костанайские Новости,
21 декабря 2023
в 10:21
«Үшіншіге орын жоқ», неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ! Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті.
Arna Press,
20 декабря 2023
в 12:28
Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың несие бойынша төлемі кейінге қалдырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде.
Костанайские Новости,
07 ноября 2023
в 11:11
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.
Arna Press,
06 ноября 2023
в 15:18
Ұлттық банк 23 қазандағы қаулысымен Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, оларды пайдалана отырып операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Енді үшінші тұлғаның пайдасына төлем картасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсету алдында банктер оған:Микроқаржы ұйымдары төлем карточкалары бойынша микрокредиттерді беру кезінде несие сомасы қарыз алушыға аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем картасын пайдалануды қамтамасыз етеді.Бұл ретте микрокредиттік ұйым ақша аударымының мақсаты (мақсаты) қарыз алушыға берілген микрокредит туралы ақпаратты көрсетуін қамтамасыз етеді және төлем карточкасын ұстаушыға оның банкінде оған берілген микрокредит сомасын алғаны туралы хабарлайды.Сонымен қатар электрон банктік қызметтерді көрсету кезінде банк рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарымен күресу процесін автоматтандыратын жүйелерді қолданатыны айтылады.Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Сурет: pexels
Крыша,
01 ноября 2023
в 16:57
«7-20-25» жеңілдікті бағдарламасы келер жылы ғана емес, 2029 жылға дейін жұмысын жалғастырады. Бірақ мемлекет бір жылда 100 млрд теңгеден артық ақша бермейді. Мұны Krisha.kz-ке «Қазақстанның орнықтылық қоры» Сыртқы коммуникация қызметінің менеджері Айбар Олжаев айтты.Қор өкілдері өтініш қабылдау процедурасы келер жылы да өзгермейтінін атап өтті.
Arna Press,
19 октября 2023
в 18:38
Finprom.kz алғашқы он банкке шолу жасап, кім көш бастап тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жеке депозиттерге ие банктердің ондығында ForteBank ең жақсы өсу қарқынына ие: плюс айына 2,3%, 783,2 млрд теңгеге дейін. Бір жылда банк жеке тұлғалардың депозит портфеліне 12,1% қосты.
Tengrinews,
01 сентября 2023
в 13:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Massaget.kz тілшісі Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер мен тапсырмаларға шолу жасады. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. «Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес.
Arna Press,
10 июля 2023
в 19:28
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда таратылу сатысында тұрған банктердің тізімін атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.Салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойы тарату рәсімінен өтіп жатқан 9 банк бар, олар:2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясынан айырылған «Валют-транзит банк» 2007 жылғы 1 наурыздан бастап тарату процесінен өтіп жатыр;Еске салайық, «Ашық НҚА» порталында 26 шілдеге дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат талқыланып жатыр.
Tengrinews,
12 июня 2023
в 14:43
Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.