Популярные темы

Аумағы: новости

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар

Arna Press, 22 мая 2026 в 17:28

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар
Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Arna Press, 22 мая 2026 в 16:18

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 19 мая 2026 в 18:58

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

Arna Press, 18 апреля 2026 в 17:48

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.

Семейдегі Бейбітшілік аралындағы жаңа нысан: Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Arna Press, 26 февраля 2026 в 18:08

Семейдегі Бейбітшілік аралындағы жаңа нысан: Рәміздер алаңының құрылысы басталды
Бейбітшілік аралында («Өлімнен де күшті» монументінің жанында) «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды.

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Arna Press, 27 января 2026 в 18:28

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.

«Жаңа адамдар» қозғалысы: белсенді жастар қалай өзгеріс жасап жүр

Arna Press, 23 января 2026 в 16:01

Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін «Жаңа адамдар» қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі. Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше. Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен.

Семейде жаңа саябақ салынып жатыр

Arna Press, 17 июля 2025 в 18:58

Семейде жаңа саябақ салынып жатыр
Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ салынып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы әуелі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысымен танысты.Аумағы кең саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар мен демалыс аймақтары қарастырылады.Саябаққа жасыл желек отырғызылып, заманауи талаптарға сай жабдықталмақ.

Семей қаласында бой көтеретін жаңа ауданның инфрақұрылымын салуға шетелдік компания тартылады

Arna Press, 08 июля 2025 в 12:08

Семей қаласында бой көтеретін жаңа ауданның инфрақұрылымын салуға шетелдік компания тартылады
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.«Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа әлеуметтік мекеме салынып жатыр

Arna Press, 29 мая 2025 в 14:38

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа әлеуметтік мекеме салынып жатыр
Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр.

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

Arna Press, 20 мая 2025 в 14:18

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.

Абай облысында 150-ден астам жол полициясының қызметкері қажет

Arna Press, 12 мая 2025 в 21:38

Абай облысында 150-ден астам жол полициясының қызметкері қажет
Абай облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты.Кеңесте өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Абай облысында он теміржол бекеті толық жаңғыртылады

Arna Press, 30 апреля 2025 в 18:38

Абай облысында он теміржол бекеті толық жаңғыртылады
Биыл Абай өңіріндегі 10 теміржол вокзалын жаңғырту жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы есебінен жүргізіледі деп жоспарланған.

Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды

Arna Press, 18 апреля 2025 в 15:08

Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды
Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, өңірдің сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Қазақстан жұмыртқа импортын уақытша тоқтатты

Arna Press, 09 апреля 2025 в 11:38

Қазақстан жұмыртқа импортын уақытша тоқтатты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.«Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады.

Қазақстанда АЭС құрылысының аумағы бекітілді

Arna Press, 25 февраля 2025 в 20:48

Қазақстанда АЭС құрылысының аумағы бекітілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «Атом электр станциясы» атомдық қондырғысының құрылыс алаңы туралы» қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Атом электр стансасы» АЭС құрылыс алаңы – Алматы облысының Жамбыл ауданы туралы шешім қабылдансын», – делінген құжатта.Бұйрық 2025 жылдың 25 ақпанында күшіне енеді.2025 жылғы 28 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші атом электр станциясының құрылысын қолдады.Сурет: pixabay.com

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

Arna Press, 19 февраля 2025 в 14:48

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады.Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 14 февраля 2025 в 19:31

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Кроме того, сотрудники образования рассказали о планах, а глава региона поставил задачи. Об итогах и стратегиях рассказала руководитель управления Айман Ибраева. На пленарном заседании августовской конференции Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил, что все мы едины в своем стремлении сделать Казахстан процветающей и развитой страной.

Қазақстанда 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды

Arna Press, 19 августа 2024 в 15:01

Қазақстанда 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды
Ішкі істер министрлігі жаз бен күз мезгілдерінде жыл сайын «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Ол есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.2014 жылдан бастап Қызылорда облысында құрамында «тетрагидроканнабинол» деп аталатын есірткі бар үнді және голландиялық қарасора белсенді түрде өсіріледі.

Студенттерге арналған қосымша пойыздар іске қосылады

Arna Press, 15 августа 2024 в 14:08

Студенттерге арналған қосымша пойыздар іске қосылады
Оқу жылы қарсаңында Қазақстанда студенттер үшін қосымша пойыздар іске қосылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау — Алматы бағытында 23 тамыздан бастап 360 орындық 8 қосымша жолаушылар вагоны қатынайтын болады.

Орталық Азия,

Arna Press, 09 августа 2024 в 00:18

Орталық Азия,
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.

17 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық болады деп болжанады

Arna Press, 17 июня 2024 в 12:08

17 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық болады деп болжанады
«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 17 маусымға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі.«ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағаймен ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.

Қазақстаннан қант экспорттауға шектеу енгізілді

Arna Press, 14 июня 2024 в 18:08

Қазақстаннан қант экспорттауға шектеу енгізілді
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрінің 11 маусымдағы бұйрығымен 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды.

«Жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық». Еліміз бойынша 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Arna Press, 09 июня 2024 в 00:48

«Қазгидромет» РМК 9 маусым, жексенбідегі Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.«ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Мемлекет басшысы «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 20 мая 2024 в 20:16

Мемлекет басшысы «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады

Arna Press, 13 мая 2024 в 19:48

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан қант экспортының кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитін қоспағанда, қантты Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Қазақстан, сондай-ақ қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы индикативті теңгерімдердің шегінде тасымалдануы шарт», — деп жазылған құжатта.Ауыл шаруашылығы министрлігінде түсіндіргендей, ішкі нарықтың қажеттілігі жалпы тұтынудың тек 13%-ы ғана отандық шикізаттан қант өндіру есебінен, қалған бөлігі – шикі қамысты өңдеу және шикізаттан дайын қантты жеткізу есебінен қанағаттандырылады.

«Аш, әлсіз». Маңғыстауда аққулар жаппай қырылып жатыр 04 января 2024, 16:13

Tengrinews, 04 января 2024 в 16:23

Ақтауға жақын орналасқан «Қаракөл» көлінің жағасынан 300-ден астам өлі аққу табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Аққудың алғашқы өлекселері 21 желтоқсанда анықталды. «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары «Қаракөлдің» аумағын тексеру барысында 30-ға жуық өлі аққу тапты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Arna Press, 03 января 2024 в 13:28

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.

Семейліктердің аулаларына жасалған жөндеуге көңілдері толмайды

Arna Press, 14 ноября 2023 в 14:38

Семейліктердің аулаларына жасалған жөндеуге көңілдері толмайды
Қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулаларына салынған балалар ойын алаңдарына көңідері толмайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңіріміз облыс мәртебесін алғаннан бері қалада көптеген оң өзгерістер орын алуда. Қала көркейіп, жаңа нысандар бөй көтеріп, қоғамдық орындар жөнделіп, ал кейбіреулері жаңадан салынып жатыр.
Показано 30 новостей из 39