Популярные темы

Берг: новости — страница 9

Цифрлық қызметтер

Магнолия, 21 ноября 2023 в 10:58

Цифрлық қызметтер
Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді.

2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өседі

Arna Press, 14 ноября 2023 в 12:38

2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өседі
2024 жылы зейнетақының қандай түрлерін және қаншаға арттыру жоспарланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде көтерілетні айтылған.«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізде көзделетінін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсуін ескере отырып көзделеді», — делінген министрлік хабарламасында.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өседі.«Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 60 пайыздан 65 пайызға дейін, ал ең жоғары мөлшері – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 105 пайызға дейін артады», — деп толықтырды Еңбек министрлігі.Сондай-ақ, министрліктен 2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшерін ақшалай түрде жариялау сұралды.Жауапта бюджет туралы заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңге болады деп көзделгені айтылған.2024 жылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 152 295 теңгеге жетеді.«Бұған қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ұсынылады, оның ең жоғарғы мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады.

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған

Arna Press, 09 ноября 2023 в 12:58

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған
Полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан Семей қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпараттық кеңістіктің дамуымен бірге жыл сайын алаяқтар көбейіп келеді. Пайда табу үшін олар қарттар сияқты ең осал санаттағы адамдарды іздейді.

Абай облысында сотталған ұлымен алғаш рет кездесті

Arna Press, 07 ноября 2023 в 13:08

Абай облысында сотталған ұлымен алғаш рет кездесті
Абай облысының коллониясында драммаға әрі бақытқа толы кездесу болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласында 2020 жылдан бастап жазасын Қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесінде өтеп жатқан 48 жастағы Тараз қаласының тумасы үш жасар ұлын алғаш рет көрді.Сотталған азамат есірткі таратқаны үшін, сот үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 07 ноября 2023 в 11:11

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды

Arna Press, 31 октября 2023 в 18:58

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды
Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.31 қазан күні сағат 14:21 шамасында «102» арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді. Қазіргі таңда азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.Сурет: Polisia.kz

АҚШ-тан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген 7 тұлға сотталды

Arna Press, 31 октября 2023 в 14:48

АҚШ-тан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген 7 тұлға сотталды
Уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын Алматы қаласында сату мақсатында АҚШ-тан тапсырыс берген 7 тұлғаға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу барысында аталған тұлғалардың есірткі заттарын сатудағы сыбайластығы, қылмыс жасаудағы ролі, сақтау қоймасы (3,5 келі тәркіленді) және әлеуметтік желілерді қолдану арқылы байланыссыз сату жөніндегі мән-жайлар анықталып, сот үкімімен әрқайсысы 10 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылды», — делінген хабараламада.Өз кезегінде, прокуратурамен есірткіні тұтынушылар ретінде 18-23 жас аралығындағы жастардың көптеп кездесетіндігі анықталып, ата-аналар мен жоғарғы буын өкілдеріне жастардың әлеуметтік желідегі өміріне бей-жай қарамауға шақырады.«Әрбір есірткі-психотропты заттарын және оның аналогтарына әрі қарай сату мақсатында заңсыз жарналамалау, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін тапсырыс бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз.

Мать Бергея Рыскалиева проводили в последний путь 29 октября 2023, 06:38

Tengrinews, 29 октября 2023 в 06:43

Мать Бергея Рыскалиева проводили в последний путь
                29 октября 2023, 06:38
В Актобе проводили в последний путь мать экс-акима Атырауской области Бергея Рыскалиева, скончавшуюся в возрасте 85 лет, передает Tengrinews.kz со ссылкой на «Ак Жайык». Поминальный жаназа намаз Мәдениет Рыскалиевой состоялся в субботу, 28 октября, во дворе ее дома на улице Махамбета Утемисова. Проститься с ней собрались родственники и друзья семьи.

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады

Arna Press, 26 октября 2023 в 15:00

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады
Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

Arna Press, 24 октября 2023 в 15:28

Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін
Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды.

Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған

Arna Press, 20 октября 2023 в 15:48

Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған
Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА елордалық департаменті мәліметінше, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 миллион теңге болады.«Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

Arna Press, 17 октября 2023 в 11:08

Алматы облысында «Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.Телеарна мәліметінше, алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен. Оған сотталушының адвокаттары мен туыстары қатысты. Айта кетейік, Ермектің өзі сот залында болмады, ол процеске онлайн қосылуға мәжбүр болған.

Елде жаңа үйдегі пәтерлер қымбаттады

Крыша, 10 октября 2023 в 10:07

Елде жаңа үйдегі пәтерлер қымбаттады
Қазақстанда тағы үй қымбаттай бастады.Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша күздің алғашқы айында жаңа үйдегі пәтер құны 1.5 % артқан.Қымбатшылық Алматыда көбірек байқалды, мұнда үй бағасы бір айда бірден 5.2 % өсті.Одан бөлек тізімде Павлодар (+2.9 %) мен Астана (+0.2 %) бар.Екі қалада керісінше, жаңа пәтер арзандаған.
Показано 13 новостей из 253