Популярные темы

депо: новости — страница 71

Собянин: движение на салатовой ветке метро будет запущено через несколько часов

Газета.ru, 11 октября 2023 в 17:16

Собянин: движение на салатовой ветке метро будет запущено через несколько часов
На станции московского метро «Печатники» Люблинско-Дмитровской линии столкнулись два поезда. Об этом сообщается в Telegram-канале столичного Департаменте транспорта.«Сегодня утром, в 10:30, на станции метро «Печатники» Люблинско-Дмитровской линии произошел накат старого состава, который следовал из депо без пассажиров, на уже стоящий на станции поезд», — говорится в сообщении.Москвичка Екатерина была в одном из столкнувшихся составов.«Поезда столкнулись, как только поезд начал выезжать со станции «Печатники», — рассказала она «Газете.Ru». — Я была в вагоне.

Еліміздің екі қаласында ауаның ластануы артады

Arna Press, 11 октября 2023 в 13:18

Еліміздің екі қаласында ауаның ластануы артады
11 қазанда Алматы мен Атырауда синоптиктер ауада зиянды заттардың жоғары болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).Бұған дейін синоптиктер Астана қаласы мен 13 облыс тұрғындарына боран қаупі туралы ескерткен болатын.

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды

Arna Press, 11 октября 2023 в 10:38

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Полиция қызметкерлері қарт әжені мазақтап, мазасын алған үш жасөспірім бұзақыны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.

Қазақстан сұйытылған газ экспортын шектейді

Arna Press, 10 октября 2023 в 18:58

Қазақстан сұйытылған газ экспортын шектейді
ҚР Энергетика министрлігі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген хабарламада.Энергетика министрлігі шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.Құжат 24 қазанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.Сурет: Zakon.kz

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов жеке концертін өткізбек

Новости пресс-служб, 26 ноября 2014 в 09:32

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов  жеке концертін өткізбек
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.
Показано 5 новостей из 2 105