Популярные темы

Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды

Дата: 11 октября 2023 в 10:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде қарияны мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Полиция қызметкерлері қарт әжені мазақтап, мазасын алған үш жасөспірім бұзақыны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



«Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады, әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды», — деп қосты ПД баспасөз қызметінде.


Сурет: видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями