Arna Press,
16 апреля 2025
в 15:18
Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мектептерде теракт ұйымдастырылып жатқаны жөнінде бейресми хабарламалар тарап кетті. Бұл ақпарат жалған және жұртшылық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдары бұл жағдайға шұғыл түрде назар аударып, таратылған мәліметтердің жалған екенін растады.
Arna Press,
15 апреля 2025
в 14:08
2024 жылғы 14 сәуірде Семей қаласында әлеуметтік желілерде ауыр қайғылы жағдай туралы ақпарат кеңінен тарады – «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде әйел адам пойыз астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мессенджерлерде тараған видеожазбада әйел адамның тоқтап тұрған пойыздың астынан өтпек болып, сол сәтте пойыздың қозғалып кеткені анық байқалады.Абай облысы бойынша көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді:«Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша – темiржол көлiгi қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, адам өліміне әкеп соққан әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда аталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.Сурет: Жасанды интеллект көмегімен жасалған
Vera.kz,
10 апреля 2025
в 16:49
Футбол клубы 2024 жылғы маусымға команда мен ойыншылардың жалақысын төлемеген, деп хабарлайды vera.kz«Тұран» футбол клубы 2024 жылғы маусымға ойыншылар мен бапкерлік штабына ондаған миллион теңге көлемінде еңбекақы қарыздарын төлеуі тиіс. Бұл қарыздар туралы бірқатар ақпарат көздері хабарлайды, соның ішінде Legalbet.kz және Prosports.kz.Бір қызығы, клуб салықтар мен зейнетақы аударымдарын уақытылы төлеп отырған, бірақ футболшылар мен бапкерлер өз ақыларын сол күйі алмаған.
Магнолия,
09 апреля 2025
в 12:58
Киберқауіпсіздік не үшін қажет? Киберқауіпсіздік жеке деректер, қаржылық ақпарат және коммерциялық құпиялар сияқты құпия ақпаратты қорғау үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ деректерді ұрлауға немесе бүлінуге әкелуі мүмкін жүйелер мен желілерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қорғау әдістерін қолдану қажет.
Arna Press,
01 апреля 2025
в 11:48
Orda.kz сайтындағы спорт жаңалықтары еліміздегі және әлемдегі басты апаратты жедел таратуда.Қазақстандағы жетекші ақпараттық порталдардың бірі Orda.kz спорт жаңалықтарын жедел әрі нақты таратып, оқырмандарына спорт әлеміндегі маңызды оқиғалар туралы шынайы ақпарат ұсынуда. Сайттың спорт жаңалықтарына арналған айдары – жанкүйерлер мен спортсүйер қауымы арасында жақсы қабылданды.Айта кетейік, Orda.kz порталындағы спорт жаңалықтары айдары бірқатар ерекшеліктерімен көзге түседі.
Arna Press,
18 марта 2025
в 13:28
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.2017-2020 жылдары — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2020-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.2021-2022 жылдары — республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2022-2024 жылдары — «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
kapital.kz,
15 марта 2025
в 09:36
Фото: сайт акимата Жамбылской области Хамит Есаман назначен советником акима Жамбылской области, сообщили в пресс-службе акимата.Хамит Ерболатович Есаман родился в 1986 году в селе Теренозек района Т. Рыскулова Жамбылской области.Окончил Таразский инновационно-гуманитарный университет по специальности «учитель казахского языка и литературы», Таразский университет имени М.
Arna Press,
04 марта 2025
в 20:38
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды.
Arna Press,
21 февраля 2025
в 12:28
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% дейін пайда табуға уәде берген.Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.«Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан белгісіз адамның пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті растады.«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған анықталды.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 13:08
Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының тұрғынын Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен ұстады.Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде.Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Arna Press,
12 февраля 2025
в 11:48
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 12:58
Қазақстанда енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көптілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.QR-коды бар алғашқы карточкалар Астананың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.SafeTravel.kz-те:«Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.Сурет: Polisia.kz
Магнолия,
04 февраля 2025
в 17:18
В адрес Департамента юстиции Жамбылской области поступают обращения адвокатов о непредоставлении информации по адвокатским запросам. Согласно пункту 8 статьи 35 Закона РК «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» государственные органы, органы местного самоуправления и юридические лица обязаны в течении 10 рабочих дней дать письменный ответ на запрос адвоката, связанный с оказанием им юридической помощи.
Arna Press,
21 января 2025
в 19:38
Әлеуметтік желілерде қазақстаның әуежайларында ұмыт қалған немесе жоғалған чемодандарды сату туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Онда «қайырымдылық шарасы» аясында талап етілмеген багаж бар болғаны 1099 теңгеге сатылатыны туралы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Науат Айтуғанова бұл ақпаратты «алаяқтық әрекет» деп атады.
Arna Press,
21 января 2025
в 13:18
Конституциялық сот Қазақстандағы бейбіт жиналыстарға қатысты ережелерді түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Астана қаласының әкімдігі өтініш субъектісіне көрсетілген кезеңде бұрын келісілген іс-шаралардың өткізілуіне байланысты бейбіт жиналысты ұйымдастырудан бас тартқан. Өтініш берушінің пікірінше, заңның аталған ережелері жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыс ұйымдастырушыға өткізу орнын және уақытын өзгерту туралы алдын ала балама ұсыныс жібермей, оны өткізуден өз бетінше бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бас тартудың мөлшерлестігі және оның ықтимал қатер дәрежесі мәселесін шешпейді.Конституциялық соттың қорытындысыКонституциялық Сот тексеру қорытындысы бойынша Заңның 11-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) мен 3) тармақшаларын Конституцияға сәйкес деп таныды.
Arna Press,
09 января 2025
в 20:28
14 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатқа көзін емдеткен. Алайда көптеген адам бұл мүмкіндікті білмейтін көрінеді. Себебі өтініш берушілердің саны тым аз, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv сілтеме жасап.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында төлемдердің қайда жұмсалғаны және қанша адам өтініш бергені жайлы толық ақпарат жарияланды.
Arna Press,
08 января 2025
в 11:48
Мәдениет және ақпарат министрінің м.а 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен белгілі бір аумақта халықтың тұрмыстық жағдайы бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидалары бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қағидаларда тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде немесе жергілікті атқарушы органдардың белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламаларды оқиға болған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірмей беруі көзделген.Құжатта халықтың өмір сүру жағдайының бұзылуы деп оның факторларының адамға кері әсері болатын өмір сүру ортасының жай-күйінің өзгеруі түсіндіріледі.Ресми хабарландыруды уәкілетті тұлға немесе орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бөлімі дайындайды.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 00:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» әзірлеген. Оның мақсаты қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету, сенімді қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру. Бүгінгі таңда аталған функционал сәтті іске асуда. Өңірімізде бұл карта аясында қандай жұмыс жасалып жатқаны жайлы түсіндіру үшін Абай облысы прокуратурасының Қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Әсет Мұқашев Arnapress.kz тілшісіне сұхбат берді. — Әсет Слямханұлы, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» қандай мақсатта әзірленді және оның негізгі функциялары қандай? — Бұл карта қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қылмыстылық туралы сенімді статистиканы қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Arna Press,
25 декабря 2024
в 18:08
Бүгін, Ақтау маңында Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.Осы уақыттағы мәлімет бойынша аман қалған 29 адам, барлығы ауруханаға жеткізілді.
Arna Press,
18 декабря 2024
в 16:08
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.
Arna Press,
12 декабря 2024
в 15:18
Астанада мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер.
Arna Press,
10 декабря 2024
в 20:28
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады.
Arna Press,
01 декабря 2024
в 21:38
Биыл Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 90 жыл толып отыр, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы уақыт аралығында театр ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, көрермендерін тың туындылармен қуантып, талай сахна шеберлерінің шығармашылық жолын ашқан киелі мекенге айналды. Өнер ордасы қазақ театрларының алғашқыларының бірі.
Akorda.kz (KZ),
29 ноября 2024
в 13:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
09 ноября 2024
в 18:48
Өрт сөндірушілер Семей қаласының Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешенінің өртін сөндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін түскі сағат бір шамасында, 112 пультіне қаладағы монша жанып жатқаны жайлы ақпарат түсті. ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында, өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына өрттің таралуымен болғаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп, сағат 14:15 шамасында өрт оқшауланды. Қызыл жалын шамамен 15 минуттан кейін 132 ш.м. жалпы алаңда толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 17:38
Алматыда алдағы күндері қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері жүргізушілерге ескерту жасап, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапӘкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.«Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды.
Arna Press,
17 октября 2024
в 16:38
Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапАбай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.
Arna Press,
16 октября 2024
в 10:48
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстандағы TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапОның қандай талаптар екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықов түсіндіріп берді.