Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
14 марта 2025
в 16:48
ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті ақпан айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жалған құжатпен шекарадан өтпек болды7 ақпанда Ауыл теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесінде Моңғолия азаматы. ұсталды. Ол Қазақстан азаматы атына тіркелген жалған құжатпен шекараны кесіп өтпек болған.
Arna Press,
11 марта 2025
в 15:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.
Arna Press,
26 февраля 2025
в 20:18
Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл түзетулерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлеріне біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және кейбіреулері үшін грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелер қарастырылған., — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар міндетті түрде грантты өтейтіні туралы норма бар.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 14:08
2021 жылдың ақпан айынан бастап салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алып қою көлемі шамамен 4,4 трлн теңгені құрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.12 ақпанда Сенатта Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың мәлімдеуінше, 2025 жылы жергілікті нарық мемлекеттік бағалы қағаздарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигацияларын, екінші деңгейдегі банктерді сатып алу сияқты нарықтық шарттарда ЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялауды жалғастырады.«Зейнетақы активтерін инвестициялау эмитенттерге және олардың қаражатты пайдаланудағы түпкілікті мақсаттарына қарамастан тек нарықтық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатынын атап өту маңызды», – деді Нұржан Тұрсынханов.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша валюталық портфельдің көлемі 17,2 млрд долларды (9 трлн теңге) немесе зейнетақы активтерінің шамамен 40%-ын құрады.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 13:48
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады.
Arna Press,
04 февраля 2025
в 19:28
2025 жылдың 4 ақпанындағы үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев 100 миллиард теңге кіріске жету үшін қандай жол учаскелерінен ақы алынатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің басшысы Қарағанды-Алматы бағытындағы жолдың құрылысы аяқталғанын – бұл учаскелер ақылы жолға айналып, кезең-кезеңімен ақы төленетінін атап өтті.«Қызылорда-Арал тас жолы да ақылы жолға айналады, бірақ тек коммерциялық қызметпен айналысатын ауыр жүк көліктері үшін, жеңіл көліктер үшін бұл тегін қалады.
Arna Press,
28 января 2025
в 00:08
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева К.Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.
Arna Press,
24 января 2025
в 15:18
2024 жылы Абай облысында осы қауіпті құқық бұзушылық үшін 21 633 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Бағдаршамның қызыл түсіне өту – бұл жай ғана ереже бұзу емес, ол жолдағы өмір мен қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді. Алайда көптеген жүргізушілер асығу немесе ережелерді елемеу арқылы қызыл жарықта өтіп кету тәуекеліне барады», — делінген ПД таратқан хабарламада.Биыл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қызыл жарыққа өту немесе реттеушінің белгілерін елемегені үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.Егер бұл бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (58 980 теңге) дейін өседі.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.
Arna Press,
23 января 2025
в 16:18
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.
Arna Press,
22 января 2025
в 14:18
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды.
Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Arna Press,
20 января 2025
в 14:18
Абай облысында алаяқ грантқа түсіруге уәде беріп, 1,6 миллион теңге алдап алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы маусым айында өзін «Ермекжан» деп таныстырған белгісіз ер адам оның қызын оқу орнына грантқа түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1 600 000 теңге көлемінде ақша иемденіп алған.2025 жылғы 19 қаңтарда жедел қызметкерлер күдікті ретінде 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.«Ол кінәсін мойындады, бірақ ұрланған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаржыны жұмсап үлгерген.
Arna Press,
13 января 2025
в 13:28
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Arna Press,
10 января 2025
в 14:18
ІІМ 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен мопедтерді тіркеу үшін құжаттар тізбесін айқындайтын Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мына құжаттарды ұсынуы керек:Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару үшін қажетті құжаттар тізбесіне де осындай толықтыру енгізілді.Бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.Еске салайық, механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені тіркеу ставкасы 0,25 АЕК (2025 жылы 983 теңге) құрайды.
Arna Press,
06 января 2025
в 13:48
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
Уральская Неделя,
05 января 2025
в 18:43
В конце декабря во дворце искусств «Атамекен» по итогам года наградили спортсменов области, тренеров, спортивные федерации и команды, показавших отличные результаты и высокие достижения в спорте. В областном управлении спорта сообщили, что для подведения итогов в сфере спорта были определены номинации, победителей которых поздравил аким области Нариман ТУРЕГАЛИЕВ.Мария БРОВКОВА, мастер спорта международного класса РК, бронзовая призерша чемпионата мира среди взрослых, чемпионка Азии, участница ХХХІІІ летних Олимпийских игр в Париже стала победительницей в номинации – «Спортсмен года».
Arna Press,
05 января 2025
в 13:48
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өскені жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕӘҚМ) баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% — ға оза отырып ұлғайтылды.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге.
Arna Press,
24 декабря 2024
в 15:48
Қарағанды тұрғыны қазақстандықтарға жоқ турпакеттерін сатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоғарғы Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, туристік қызмет көрсету саласында тәжірибесі, сондай-ақ қалада кеңсесі және клиенттік базасы бар жауапкер сәйкес қызмет көрсету саласы бар ЖШС құрып, оны басқарған.«2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін ол 21 клиентті алдаған.
Arna Press,
23 декабря 2024
в 12:38
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 23 желтоқсанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде азаматтарға қанша төленгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.23 желтоқсанда жарияланған ақпаратқа сай, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды.Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.
Arna Press,
20 декабря 2024
в 19:18
Семейде дипломды сату желеуімен алаяқтық әрекет анықталды.49 жастағы жергілікті тұрғын сенімге кіру арқылы 28 жастағы әйелге медициналық колледж дипломын «сатамын» деп уәде еткен. Өзінің бұл өтірігі үшін ол 500 000 теңге алып, оны тез арада жұмсап тастаған.«Жәбірленуші ақшасыз және құжатсыз қалды, ал қаскүнемге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Arna Press,
20 декабря 2024
в 12:28
Микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1,5 триллион теңгеге жуық өсті, бұл бір айда 2,7%-ға өсті. Жыл басынан бері портфель 18,9%-ға өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Санаттар бойынша жеке тұлғаларға берілген шағын несиелер 2,3%-ға (1,23 трлн. теңге), жеке кәсіпкерлер 4,09%-ға (185,1 млрд. теңге), заңды тұлғалар – 5,75%-ға (43,7 млрд. теңге) өсті.2024 жылдың басынан бері ең үлкен өсім заңды тұлғаларға берілген шағын несиелер +37% (қаңтардағы 31,9 млрд-тан) байқалды.
Уральская Неделя,
18 декабря 2024
в 16:33
В ЗКО для защиты населенных пунктов от паводковых вод в районах по области построено 16 дамб общей протяженностью 37,1 километра. На это строительство по поручению заместителя Премьер-Министра РК Каната Бозумбаева из Корпоративного фонда «Демеу Қазақстан қоры» в 2024 году было выделено 2,9 млрд. тенге.
Arna Press,
18 декабря 2024
в 16:08
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар туралы айтылды.«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.
Arna Press,
12 декабря 2024
в 16:18
Шетелде білім алу немесе жұмыс істеу ниеті алаяқтық әрекетке себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, осы жылдың көктемінде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді.Аз таныс ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң, байланысқа шықпай қойған.«Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.
EKaraganda.kz,
10 декабря 2024
в 12:25
В пятницу, 6 декабря, в Темиртауском дворце культуры на одной сцене выступили спортсмены, музыканты, танцоры и актёры – так молодёжи города представили разнообразные секции, в которых они могут проводить своё свободное время. Презентация спортивных и творческих кружков стала завершением масштабного марафона мероприятий по борьбе с наркоманией, запущенного прокуратурой города Темиртау, при поддержке акимата, Управления полиции и партии «AMANAT». «Все мы являемся свидетелями того, что наша молодёжь ошибается, вовлекаясь в преступную деятельность по распространению наркотических средств.
Arna Press,
09 декабря 2024
в 21:28
Биыл 414 адам ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылса, 3737 құқық бұзушы қоғамдық орындарды ластау үшін айыппұл төледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция ескертеді: «Қоғамдық пайдалануға арналған орындарды ластау үшін 5 АЕК (18 460 теңге) айыппұл қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін бұл сома 10 АЕК (36 920 теңге) дейін артады».Жедел басқару орталығының камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзушыларды тіркейді: бұзақылықтан бастап, қоқысты қоқыс жәшігіне тастамай кетуге дейін.
Arna Press,
05 декабря 2024
в 13:38
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.Семей қалалық соты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жолдағы шұңқырдан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген зиянды өтеуге міндеттеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оқиға жолда пайда болған шұңқырға соқтығысу салдарынан орын алған.
Arna Press,
02 декабря 2024
в 14:48
Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 млн-нан 262 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ долларын құрады.«Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қараша айында Ұлттық қордан 1 260 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 60 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды.