![Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады](/images/social/10499675.png)
Қаржы реттеушісі қазақстандық жеті қаржы институтының, оның ішінде 6 банктің Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің рейтингін растағанын хабарлады. Банктер бойынша берілген болжам – «Тұрақты». Жалпы, S&P бағалауы бойынша Қазақстанның банк секторы ұзаққа созылған оңалу кезеңінен кейін қалпына келу белгілерін көрсете бастады. Қалпына келу шикізаттың қолайлы бағасымен, несиеге сұранысты ынталандырумен, сондай-ақ активтер сапасының айтарлықтай жақсаруымен қамтамасыз етіледі.Несие рейтингі дегеніміз не және ол неге қаржы ұйымы сенімділігінің көрсеткіші болып саналады – Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі осы мәселені анықтап көрген еді.Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір банктің өзінің несие рейтингі бар.