Arna Press,
20 февраля 2026
в 19:18
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 14:28
Абай облысы аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның нақты дәлелі – Шар қаласына қарасты Көшек ауылы тұрғындарының «Алкогольсіз ауыл» республикалық жобасына бірауыздан қосылуы деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап2026 жылғы 16 ақпанда өткен жалпы ауылдық жиында Көшек ауылы ресми түрде «салауатты ауыл» мәртебесіне ие болды. Іс-шара Жарма ауданы аумағындағы мектеп ғимаратында ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, білім беру саласының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.Көшек — 40 ауладан тұратын, 170 тұрғыны бар шағын әрі берекелі елді мекен.
Arna Press,
19 февраля 2026
в 17:18
Редакцияға Семей қаласының бірқатар тұрғындарынан, әсіресе 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан мектепте тегін ұсынылатын ыстық тамақтың дәміне қатысты өтініштер мен шағымдар түскен еді. Олардың айтуынша, бастауыш сыныптағы кей балалар асхана тағамын «дәмсіз» деп бағалап, ішуден немесе жеуден бас тартатын жағдайлар кездеседі.Осыған байланысты Arnapress.kz тілшісі қалалық білім бөліміне ресми сұрау жолдаған болатын.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі — Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Жаңасемей ауданының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылдың қараша айында бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп сендіріп, оның сеніміне кірген.
Akorda.kz (KZ),
14 февраля 2026
в 20:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
14 февраля 2026
в 20:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
14 февраля 2026
в 20:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
12 февраля 2026
в 12:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап Arnapress.kz хабарлады.Жарыста Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған команданың кәсіби дайындығы, физикалық және жауынгерлік қабілеті, сондай-ақ отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Akorda.kz (KZ),
04 февраля 2026
в 12:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
04 февраля 2026
в 11:08
Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жайлы өз әсерімен, жеңісімен Әсем Ережеқызы Аrnapress.kz тілшісіне бөлісті.ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысуымен өткен салтанатты кеш есте қаларлық болды. «Биыл «Айбоз» сыйлығына жеті номинация бойынша 180-ге жуық өтінім түскен.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
30 января 2026
в 15:18
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапМедицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.
Arna Press,
27 января 2026
в 18:28
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
Arna Press,
26 января 2026
в 17:28
Қазақстандағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Министрліктің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру немесе оны елге әкелу жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты және толық бақылауда.Ведомствоның мәліметінше, алдын алу мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдайға орай, мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.Сондай-ақ министрлік медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілгенін хабарлады.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Абай жері, Абай елі атанған өңірде талантты жастардың көп болуы заңдылық. Солардың бірі – ақын, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы Азамат Серікұлы. Осы орайда Arnapress.kz тілшісі жас қаламгермен арнайы сұхбаттасып, шығармашылық жолы мен жетістіктері жайлы тілдесті.Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылының тумасы Азамат Серікұлы әдеби ортада өзіндік қолтаңбасымен танылып келеді.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Үкімет дәстүрлі құндылықтарды қорғауды және мәдениет саласын дамытуға тапсырма берді деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов дәстүрлі құндылықтарды сақтау, неке мен отбасы институтын нығайту, мәдениетті дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Президенттің тапсырмасына сәйкес: зиянды мазмұн мен ерсі қылықтарға тосқауыл қою, мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану, мәдени нысандар мен Абай шығармаларын ЮНЕСКО тізіміне енгізу мәселелері қаралады.«Абай облыстарында театр құрылыстарын қаржыландырып, Алматыдағы театрлардың реконструкциясын жыл соңына дейін аяқтауы тиіс» деді Премьер-министр.Фото: Жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
23 января 2026
в 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында маңызды ұсыныс айтты. Оның пікірінше, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлау өтеді деген норма негізгі заңда нақты жазылуы тиіс деп хабарлайды Arnapress.kz. Aqorda.kz сайтына сілтеме жасап» Қазіргі Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі.
Akorda.kz (KZ),
11 января 2026
в 15:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
24 декабря 2025
в 17:08
Alina Group 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өндіріс – арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» дипломы атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.2025 жылғы 23 желтоқсанда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Alina Group өкілдеріне «Үздік салық төлеуші» наградасын табыс етті.
Arna Press,
09 декабря 2025
в 13:18
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесіп, өңірдегі медициналық қызметтің жай-күйіне қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Вице-министр келтірген ресми статистика республика көлемінде оң динамика көрсеткенімен, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтар жауапсыз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ең алдымен вице-министр өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін атап өтті«2024 жылы республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды, ал Абай облысында – 75,02 жас.
SportInfo,
28 октября 2025
в 12:06
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасы FIDE-1 командасының жеңісімен аяқталды. Күміс медаль – алғашқы Олимпиаданың жеңімпазы Польша құрамасына, ал қола – Израиль командасына бұйырды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасының (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) соңғы, 6-шы туры 25 қазанда өтті.
SportInfo,
09 октября 2025
в 11:36
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 13:28
Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер қалыпты кадрлық ротация, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттарындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.«Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді.
Arna Press,
22 сентября 2025
в 19:28
Абай облысында қыркүйек айының 15-30 аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.