SportInfo,
09 октября 2025
в 11:36
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
SportInfo,
08 октября 2025
в 13:06
Қазақстанның ең атақты сурдо балуандарының бірі Қайратхаан Шонқу 2025 жылғы 15–26 қараша аралығында Токиода (Жапония) өтетін XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысады. 2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен Сурдлимпиадада Қайратхаан Шонқу бірден екі алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті.
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдайтын далалық оқу-жаттығуларын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Гарнизонның баспасөз қызметінің хабарлауынша оқу-жаттығу барысында әскерилер жауынгерлік машинадан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.
Arna Press,
06 октября 2025
в 17:18
Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.«Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты.
Arna Press,
06 октября 2025
в 12:08
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. -Жастар саясаты аясында облысымызда ірі жобалар жүзеге асырылды. «ASK CAMP» республикалық форумы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары, «240 сағат ауылда» жобасы, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени-рухани шаралар жастардың белсенділігін арттырып, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе, экологиялық акцияларға, интеллектуалдық ойындарға және волонтерлік қозғалыстарға жастардың кеңінен қатысқанын атап өтуге тұрарлық, – деді басқарма басшысы.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Аягөзде 10 төсектік реанимация бөлімшесі салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудандық аурухана 1976 жылы пайдалануға берілген. Медициналық нысан 220 төсек-орындық стационарымен және ауданға қарасты емдеу мекемелерімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 15:28
Семей қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылы қала бойынша 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған.Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушыларды сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 16:58
24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттарды дүкендерде және қызмет ақысын төлеу кезінде қабылдамайды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және оларды барлық жерде қабылдауға міндетті.
Arna Press,
15 сентября 2025
в 13:08
14 қыркүйекте Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жол-құрылыс жұмыстары барысында төтенше жағдай орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып, пайда болған шұңқырға көлік жартылай түсіп кеткен. Оқиға кезінде 37 жастағы SHACMAN көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Бүгін Семейде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 14:48
Облыс әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жобасы талқыланды. Жоба аясында «Таза көмір» технологиясын қолданатын, электр қуаты 360 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал болатын жаңа станция салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, техникалық шарттар алынған.
Arna Press,
08 сентября 2025
в 15:18
Тоқаев елімізде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді , — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес.
EKaraganda.kz,
08 сентября 2025
в 14:05
81 жасалған ота, 7 дайындалған феталдық хирург, 10 халықаралық шеберлік сыныбы, дүниеге келген ондаған бала, және алда өмірге келетіндер саны одан да көп. Мұнда әрбір сан статистика ретінде келтірілмеген. Олардың артында болашақ ұлдары мен қыздары үшін алаңдаушылықпен өмір сүрген, бірақ бақытты ата-ана болуға үміт артқан отбасылардың оқиғалары жатыр.
Arna Press,
04 сентября 2025
в 13:28
4 қыркүйекке қараған түні өткен жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасының боксшыларының 2025 жылы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бірлескен алғашқы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталды.
EKaraganda.kz,
30 августа 2025
в 17:36
Мероприятие прошло под девизом «Ата Заңға 30 жыл: Тәуелсіз мемлекеттің берік тұғыры». В этот день парк наполнился праздничной атмосферой.Бесплатные юридические консультацииС утра начала работу ярмарка правовых консультаций. Специалисты Департамента юстиции Карагандинской области, Департамента экономических расследований, Карагандинского национального исследовательского университета имени Е.А.
Arna Press,
30 августа 2025
в 14:28
1. Смотровую площадку у павлодарской трассы благоустроят в Семее В администрации области отметили, что площадка давно является популярным местом отдыха жителей и гостей города.2. «Детям Хиросимы от детей Семипалатинска»: о памятной акции с рисунками и об итогах поездки в Японию рассказала общественница из СемеяПо словам общественницы, изначально темой ядерного полигона она не занималась.3.
Arna Press,
29 августа 2025
в 17:58
Указом главы государства в Казахстане учреждена новая награда, передает Arnapress.kz со ссылкой на Акорду.Указом президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева учреждена юбилейная медаль «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл».Медалью награждаются лица, внесшие весомый вклад в обеспечение верховенства Конституции Республики Казахстан, укрепление независимости страны, согласия и стабильности в казахстанском обществе, защиту конституционных прав и свобод человека и гражданина, становление и развитие идей и принципов конституционализма.
Arna Press,
27 августа 2025
в 14:18
Национальный Банк Казахстана сообщает о начале продаж через интернет-магазин НБК c 27 августа 2025 года коллекционных серебряных монет ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ из серии «Выдающиеся события и люди», передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу финрегулятора.Монеты изготовлены из серебра 925 пробы с золочением, массой 31,1 грамма, диаметром 38,61 мм, качеством изготовления proof, номиналом 1000 тенге, тиражом тысяча штук.Коллекционные монеты изготовлены на Казахстанском монетном дворе.Фото: t.me/nationalbankkz, nationalbank.kz
EKaraganda.kz,
26 августа 2025
в 14:05
Центральный парк Караганды приглашает жителей и гостей города на серию ярких событий, которые ознаменуют финал августа. Здесь с 27 по 31 число пройдут концерты, танцевальные и спортивные события, а также программа, посвященная Дню шахтёраУже в эту среду, 27 августа, в 19:00 в Центральном парке пройдёт Sound Fest – музыкальный фестиваль для всех, кто любит драйв, живой звук и атмосферу праздника.В четверг, 28 августа, в 16:00 для горожан проведут «Танцы на все времена», где можно будет станцевать всё – от классики до современных ритмов.В субботу, 30 августа, в Центральном парке в 12:00 начнётся «Консультативная ярмарка», где можно будет получить консультации и советы от специалистов.
Vera.kz,
25 августа 2025
в 16:39
Монеты, названные «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ», будут доступны для приобретения с 27 августа, передает vera.kz27 августа 2025 года Национальный Банк Казахстана начнет продажу коллекционных монет, посвященных 30-летию Конституции страны. Монеты, названные «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ», доступны для приобретения через интернет-магазин Национального Банка.
Arna Press,
25 августа 2025
в 12:58
Бородулиха ауданының Зенковка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Зенковка ауылында ашылған өрт сөндіру бекеті 2300-ден астам тұрғыны бар жеті елді мекенді өрттен қорғауға мүмкіндік береді.Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев ғимаратты тұрғызуға мұрындық болған Поптар отбасына алғыс білдірді.
Arna Press,
21 августа 2025
в 19:28
Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұндағы асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары 16 тамызда басталған болатын. Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын жолдың ескі асфальт қабаты қырып алынып, орнына қалыңдығы 6 см жаңа тасты-мастикалық асфальт төселді.
Arna Press,
21 августа 2025
в 18:08
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Семей қаласында ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында ішек инфекциясының 287 жағдайы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев хабарлады.Оның айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі жекелеген оқиғаларға жатады. — Қаладағы мектептері мен балабақшалар асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеді.
Arna Press,
20 августа 2025
в 13:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Arna Press,
20 августа 2025
в 12:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кімнің қандай төлемдерге құқығы бар екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға артқанын атап өтеміз», — делінген хабарламада.Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды
Arna Press,
19 августа 2025
в 18:48
Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді.Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс.
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.«Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады», — деп мәлімдеді ведомство.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді.