«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында 2026 жылғы 12–22 мамыр аралығында қаланың оң және сол жағалауындағы магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілетінін Arnapress.kz қалалық әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған байланысты көрсетілген кезеңде тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Сынақ нәтижесіне сәйкес, ақау анықталмаған учаскелерде ыстық су беру кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіріледі. Ал ақау тіркелген үйлерде ыстық сумен жабдықтау жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана қайта қосылады.
Қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
* Жұмыс жүргізіліп жатқан аумақтарға, жылу камералары мен жылу трассаларына жақындамаңыз және автокөліктерді қоймаңыз;
* Құбырлардың ықтимал зақымданған немесе су шығуы мүмкін жерлерге жақындамаңыз;
* Ақау немесе су ағу жағдайлары байқалған кезде дереу 109 немесе 339-849 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press