Популярные темы

депо: новости — страница 45

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады

Arna Press, 21 декабря 2023 в 14:38

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады
Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Жоба Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Абай облысының басты шыршаның шамы жағылды

Arna Press, 21 декабря 2023 в 11:28

Абай облысының басты шыршаның шамы жағылды
Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 21 декабря 2023 в 10:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
«Үшіншіге орын жоқ», неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ! Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті.

2024 жылы орташа зейнетақы қанша болады

Arna Press, 20 декабря 2023 в 16:38

2024 жылы орташа зейнетақы қанша болады
20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақысы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз.

Сеулде қазақстандық дипломаттар өртеніп жатқан көлікті сөндірді

Arna Press, 20 декабря 2023 в 12:58

Сеулде қазақстандық дипломаттар өртеніп жатқан көлікті сөндірді
Қазақстандық дипломаттар Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өртеніп жатқан көлікті сөндіріп, апаттың алдын алды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға дүйсенбіде сағат 13:20-да болған. Сеулдегі Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың жерасты тұрағынан шыққан көлік өртене бастаған.Автокөлік кенеттен өртене бастағанда төтенше оқиға орнында болған қазақстандық дипломаттар жедел әрекет еткені айтылған.ҚР елшілігінің кезекші коменданты Руслан Қайрамбаев пен бірінші хатшы Бауыржан Байтілеуов шұғыл шаралар қолдану арқылы ықтимал апаттың алдын алған.«Екі дипломат елшіліктің алдында өртеніп жатқан көлікті байқаған және шұғыл түрде араласу керек екенін түсінген.

Қазақстанда 5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге қалдырылды

Arna Press, 20 декабря 2023 в 12:28

Қазақстанда 5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге қалдырылды
Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың несие бойынша төлемі кейінге қалдырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде.

Абай облысындағы туристік нысандар цифрландырылды

Arna Press, 19 декабря 2023 в 17:48

Абай облысындағы туристік нысандар цифрландырылды
Туристік аумақтарды көркейту және келушілерге барынша жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы әкімінің аппараты облыстың негізгі нысандарын цифрландыруды аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Енді 2GIS қосымшасында Алакөл көлі, Барлық Арасан шипажайы, Абайдың Жидебай-Бөрілі музейі, Қоңыр-Әулие үңгірі, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіші, Шошқалы көлі, Киелі бұлақ, Ырғызбай, Баянбай ата, сондай-ақ Елеке сазының тарихи қорғандары туралы толық ақпарат бар. Қосымшада жол инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер жолын және өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындарды қамтитын толық электронды карта ұсынылған.

Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады

Arna Press, 19 декабря 2023 в 14:48

Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (CIS) Халықаралық Мектептер Кеңесі аккредитациясынан сәтті өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.(CIS) — халықаралық білім беру жүйесіндегі мектептерді аккредиттеу және оқытудың озық әдістерін әзірлеумен айналысатын ұйым.

Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес

Arna Press, 19 декабря 2023 в 14:48

Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес
Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сай, шетелдік автокөлікті Қазақстанға енгізу (әкелу) үшін көлік құралының электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электронды паспорттық жүйелерін (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көлік құралдарының электронды паспорттарын және басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр.Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.Сурет: Zakon.kz

Абай облысының полицейлері мас жүргізуші жайында хабарлаған тұрғынға алғыс білдірді

Arna Press, 19 декабря 2023 в 12:18

Абай облысының полицейлері мас жүргізуші жайында хабарлаған тұрғынға алғыс білдірді
Абай облысының полицейлері мас жүргізуші жайында хабарлаған тұрғынға алғыс білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 9-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жүргізушісін ұстады.Аталған баптың санкциясымен жүргізуші жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Прокуратура «Қазақфильмде» 400 миллион теңгенің ұрланғанын әшкереледі

Arna Press, 19 декабря 2023 в 11:18

Прокуратура
Алматы прокуратурасы ұлттық кинематографияны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.«Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.«Алматы қаласының прокуратурасыСотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.Сурет: pixabay

Шардан Семейге поездбен 500 теңгеге жетуге болады

Arna Press, 15 декабря 2023 в 20:18

Шардан Семейге поездбен 500 теңгеге жетуге болады
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды.

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма

Arna Press, 15 декабря 2023 в 18:58

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма
Арман Шаққалиев баға мониторингінің кейінгі мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды.

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды

kapital.kz, 15 декабря 2023 в 16:16

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды
Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, ең көп алашқы жеке куәлік Түркістан облысында – 550-ге жуық, Алматыда – 480-ден астам және Астанада – 440-қа жуық берілген.

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Arna Press, 15 декабря 2023 в 11:28

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.«Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр. Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды», — делінген хабарламада.14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланғаны айтылды.

Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен

Arna Press, 15 декабря 2023 в 10:38

Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен
Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен.

Семейде бір күнде үш көлік өртке оранды

Arna Press, 13 декабря 2023 в 18:38

Семейде бір күнде үш көлік өртке оранды
Семейде автокөлікте болған өрт жағдайлары жиіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін өрт сөндірушілер үш рет жанған автокөлікті сөндірді.Абай облысы ТЖД хабарауынша күндізгі сағат 12-де жүк көлігі өртеніп жатқандығы туралы қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер оқиға келген кезде жүк көлігінде уақытша тұрақ кезінде мотор, аспаптар панелі және салон жанғанын анықтады.Өрттің алдын-ала себебі — жүк көлігін үрлегішпен жылыту нәтижесінде автомобильдің басқа бөліктеріне ауыса отырып, корпустың пластикалық бұйымдарының өртенуі.Қызыл жалын шамамен 7-8 минут ішінде толығымен сөндірілді.

Биыл дүниеге келген нәрестелерге ең жиі қойылған 10 есім белгілі болды

Arna Press, 13 декабря 2023 в 18:38

Биыл дүниеге келген нәрестелерге ең жиі қойылған 10 есім белгілі болды
Шымкентте биыл дүние есігін ашқан нәрестелерге ең жиі қойылған 10 есім белгілгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Олардың сараптауынша үздік ондыққа Ясин, София, Айрис, Айым және Медина деген қыздардың есімі енсе, ал ұл балаларын ата-аналар Мұхаммед, Тауман, Мансұр, Әбубәкір, және Ибраһим деп атағанды жөн көрген.Жалпы мегаполисте жыл басынан бері 38 мыңнан астам сәби туылған, деп жазады qazaqstan.tv.Оның 30 мыңының туу туралы куәлігі онлайн рәсімделсе, қалғаны халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілген.Былтыр еліміз бойынша сәбилерге Әлихан, Алан, Әлинұр, Алан, Айша мен Айзере есімдері жиі қойылған болатын.Сурет: pixabay

Елімізде қысқа мерзімде 200-ге жуық мал ұрысы ұсталды

Arna Press, 13 декабря 2023 в 13:18

Елімізде қысқа мерзімде 200-ге жуық мал ұрысы ұсталды
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда қысқы мерзімде соғым ет дайындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ дәл осы уақытта мал ұрлығы да жиілейтінін атап өткен жөн. Осыған байланысты жыл сайын Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу және оған қарсы күресті арттыру бойынша шаралар қабылдайды.Желтоқсан және қараша айларында барлық өңірде «Мал ұрлығы» екі кезеңдік республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

QARMET хочет восстановить трамвайное депо в Темиртау

EKaraganda.kz, 13 декабря 2023 в 12:35

QARMET хочет восстановить трамвайное депо в Темиртау
Как сообщает пресс-служба компании, трамвайная система города Темиртау открылась в 1959 году и прекратила свое функционирование в феврале 2023 года. В июне начался разбор сети, а в сентябре объявили о ликвидации трамвайного парка.Запрос жителей на возврат символа города руководство компании QARMET считает справедливым.

Еңбек министрлігі қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшерін жариялады

Arna Press, 13 декабря 2023 в 11:58

Еңбек министрлігі қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшерін жариялады
Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 930,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 2 триллион 103,1 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге», – делінген 13 желтоқсандағы хабарламада.Ведомство 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын еске салды.

Көкшетауда қатты аяздан газ қатып жатыр

Arna Press, 12 декабря 2023 в 17:38

Көкшетауда қатты аяздан газ қатып жатыр
Көкшетау қаласында қатты аяздың кесірінен тұрғын үйлерге берілетін газ қатып қалып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сала мамандары бұған газдың құрамындағы бутан мен пропанның қатты аяздың кесірінен мүлдем буланбайтыны себеп, — дейді.Күн күрт суытқалы апаттық-диспетчерлік орталықтың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды

Arna Press, 12 декабря 2023 в 15:18

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді.

Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны артып келеді

Arna Press, 12 декабря 2023 в 12:38

Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны артып келеді
Биыл 186 мың адамға жұмыссыздық бойынша төлем алғаш рет тағайындалған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, биыл 186 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.«Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті», – делінген 12 желтоқсан күні жарияланған хабарламада.Ал осыдан бір ай бұрын биылғы жылдың басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адам болды.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 12 декабря 2023 в 11:51

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Награду они получили в рамках церемонии вручения Президентской премии «Алтын сапа», которая сегодня прошла в Астане. Фабрика занимается пошивом специальной одежды и форменного обмундирования для государственных учреждений и пошивом школьной формы. Здесь шьют для нацгвардии, Министерства обороны, КНБ, «Евразия Групп Казахстан».

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген

Arna Press, 11 декабря 2023 в 19:08

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген
Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген, аталған қаражатты құмар ойынға жұмсайтыны анықталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрады, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген.«Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған.

Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған

Arna Press, 11 декабря 2023 в 16:38

Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған
Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты, оның жалпы салмағы 1183,10 грамды құрады.

Мәжіліске қызметтік иттер кіргізілді

Arna Press, 11 декабря 2023 в 13:08

Мәжіліске қызметтік иттер кіргізілді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған депутаттарға үйретілген иттер бірнеше элемент көрсетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы дайындық бөлімі бастығы, полиция майоры Руслан Канафиннің айтуынша, Мәжіліске үш қызметтік ит кіргізілген. Олардың әрқайсының мол тәжірибесі бар.«Бүгін есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша арнайы қызметтік иттердің жұмысын көрсеттік.

Ақтаудағы бірнеше аудан жылусыз қалды

Arna Press, 11 декабря 2023 в 12:08

Ақтаудағы бірнеше аудан жылусыз қалды
Ақтауда магистралды құбырдағы ақауды мамандар жөндеп жатыр, бірнеше шағын ауданда жылу беруге уақытша шектеу енгізілді, әкім тұрғындардан сабырлық танытып күтуді өтінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральды жылу құбырында апаттық жағдай тіркеліп, жылу беру уақытша шектелген.Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.«Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралды 800-дік құбырда ақау шықты.

Абай облысында үздік жастарды таңдады

Arna Press, 11 декабря 2023 в 11:28

Абай облысында үздік жастарды таңдады
Абай облысында жастар форумы өтіп, үздіктер марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.
Показано 30 новостей из 2 528