Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Костанайские Новости,
13 марта 2025
в 13:01
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 14 сәуір, сағат 15.00-де Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекен-жайы бойынша өтетін жолаушыларды және қолжүгін тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.
Магнолия,
12 марта 2025
в 13:38
Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл.Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Магнолия,
07 марта 2025
в 12:18
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Магнолия,
07 марта 2025
в 00:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Салтанат Мағзымбекова Департамент қызметкерлерінің назарларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Еркінбек Абуовтың Әдеп кодексін сақтау жөніндегі әзірленген жадынамасын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы қажет.
Магнолия,
06 марта 2025
в 13:08
Адам құқықтарын қорғау тетігі туралы сөз болғанда, біз көптеген институттардың ішінде алқабилер сотын ерекше атап өтеміз. Алқабилер сотының қылмыстық істі қарау мүмкіндігі тетігі заңда белгіленетін айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғаудың Конституциямен бекітілген іс жүргізу кепілдіктеріне жатады.
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:48
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып мағынасы жағынан мемлекет организмін, «қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғна ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында сыбайлас жемқорлық — бұл «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:38
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Arna Press,
21 февраля 2025
в 12:28
Абай облысының Азаматтарды қабылдау орталығының мекенжайы ауысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы Семей қаласы, Абай көшесі, 97 мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратта жұмыс істейді.Азаматтарды қабылдау орталығында кез келген мемлекеттік органға өтініш беру, түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алу, орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау органдарынан басқа) жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады.
EKaraganda.kz,
18 февраля 2025
в 15:55
Енді қазақстандық пайдаланушылар Kaspi.kz арқылы Xiaomi өнімдерін оңай және ыңғайлы түрде сатып алып, сенімді платформаның артықшылықтарын, сондай-ақ оның Kaspi Red және Kaspi рассрочка (бөліп төлеу) сияқты ыңғайлы сервистерін пайдалана алады. Жаңа дүкен Xiaomi компаниясының смартфондарын, киілетін электроникасын, ақылды гаджеттерін және құрылғыларын қоса алғанда, құрылғылардың кең ауқымын ұсынады.
Arna Press,
17 февраля 2025
в 14:18
Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібін ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек? — Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Arna Press,
11 февраля 2025
в 20:08
Өткен жылы Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен 47 іс ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі қоғамда құқық қорғау органдарының тиімді жұмысы үшін түрлі әдістер мен құралдар қолданылады. Солардың бірі — қызметтік иттер. Олар полиция қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Магнолия,
04 февраля 2025
в 17:18
В адрес Департамента юстиции Жамбылской области поступают обращения адвокатов о непредоставлении информации по адвокатским запросам. Согласно пункту 8 статьи 35 Закона РК «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» государственные органы, органы местного самоуправления и юридические лица обязаны в течении 10 рабочих дней дать письменный ответ на запрос адвоката, связанный с оказанием им юридической помощи.
Магнолия,
30 января 2025
в 18:58
Тіл – біздің бірлігіміздің негізі, халқымыздың ұлттық байлығы. Елімізде тілдерді құрметтемеу аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Біздің мақсатымыз – көптілдік, ана тіліміз – қазақ тілі. Оның мағынасын түсіндіру, елмізде қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл сайын маусым, қыркүйек айларында тілдердің дәстүрлі мерекелері, конкурстар, және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Магнолия,
29 января 2025
в 12:38
2024 жылғы статистика бойынша сотымызда 12836 кіріс кұжаты тіркелсе, олардың 11329-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, пайыздық көрсеткіш — 88,26%. Ал шығыс құжаттар айналымында 15773 кұжаттың 15703-і мемлекеттік тілде дайындалып, пайыздық деңгей 99,56%-ды құраған. Соттың өзінің ішкі құжаттар айналымында 418 құжаттың 407-сі мемлекеттік тілде ресімделіп, 94,66%-ды құрап отыр.
Arna Press,
23 января 2025
в 19:48
Абай облысында екі әуежай жұмыс істейді. Биыл екеуінде де жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе, автомобиль және теміржол тасымалдарын белсенді дамытуда.
Arna Press,
22 января 2025
в 20:28
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Семей орманы» МОТР» РММ өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.Осылайша, Резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.Сондай-ақ, былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды.
Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Костанайские Новости,
16 января 2025
в 13:01
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 18 ақпан сағат 15.00-де Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекен-жайы бойынша жолаушыларды және жүкті тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Arna Press,
15 января 2025
в 17:58
Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника.
Arna Press,
09 января 2025
в 20:28
14 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатқа көзін емдеткен. Алайда көптеген адам бұл мүмкіндікті білмейтін көрінеді. Себебі өтініш берушілердің саны тым аз, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv сілтеме жасап.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында төлемдердің қайда жұмсалғаны және қанша адам өтініш бергені жайлы толық ақпарат жарияланды.
Arna Press,
08 января 2025
в 13:18
600 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот үкімі бойынша, Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Іс материалдарын зерделеу мынаны көрсетті.Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді.
Arna Press,
05 января 2025
в 13:48
Әскери борышын өтеу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті әрі ел тыныштығы мен болашағын қорғаудағы маңызды қадам. Әскер қатарына қосылу – бұл тек қызмет емес, патриоттық сезімді көрсетіп, ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінудің жарқын үлгісі. Осы бағытта еліміздегі жинақтау пункттері маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Күзгі әскерге шақыру: Абай облысындағы жинақтау пункті.
Магнолия,
31 декабря 2024
в 16:18
Тараз қаласы №2 соты 2024 жылы өзінің жұмыс жоспары және облыстық соттың тапсырылған жоспарлары бойынша біршама іс-шаралар атқарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін облыстық және республикалық басылым беттерінде 4 мақала жарық көрді, ұжымдық масштабта судьялар тарапынан 3 семинар-сабақ өтті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, ішкі істер органдары, сот орындаушылары, түзеу мекемелері мен адвокаттар арасында 2 мәрте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге мекемелер мен соттар арасында кіріс-шығыс құжаттарын, ішкі құ¬жат айналымын мемлекеттік тілге кө¬ші¬ру жұмысы қолға алынды.
Arna Press,
28 декабря 2024
в 23:18
Биыл елімізде 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге, 3 201 адам жүгінді, оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды.Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 994 адам өтініш білдіріп, оның 10 336-сына тағайындалған.Сондай-ақ, 240 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 138 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген.
Arna Press,
24 декабря 2024
в 15:48
Қарағанды тұрғыны қазақстандықтарға жоқ турпакеттерін сатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоғарғы Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, туристік қызмет көрсету саласында тәжірибесі, сондай-ақ қалада кеңсесі және клиенттік базасы бар жауапкер сәйкес қызмет көрсету саласы бар ЖШС құрып, оны басқарған.«2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін ол 21 клиентті алдаған.
Магнолия,
24 декабря 2024
в 15:18
Тараз қаласы №2 соты 2024 жылы өзінің жұмыс жоспары және облыстық соттың тапсырылған жоспарлары бойынша біршама іс-шаралар атқарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін облыстық және республикалық басылым беттерінде 4 мақала жарық көрді, ұжымдық масштабта судьялар тарапынан 3 семинар-сабақ өтті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, ішкі істер органдары, сот орындаушылары, түзеу мекемелері мен адвокаттар арасында 2 мәрте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге мекемелер мен соттар арасында кіріс-шығыс құжаттарын, ішкі құ¬жат айналымын мемлекеттік тілге кө¬ші¬ру жұмысы қолға алынды.
Магнолия,
16 декабря 2024
в 14:58
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Т.Джузбаеваның қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.