Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстан Ислам Әмірлігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін күштік ведомстволардың өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жіберіледі, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында 5,5-тен 6,3 балға дейінгі әртүрлі магнитудадағы жер сілкінісі болды.