Arna Press,
23 апреля 2026
в 12:08
Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін арттыруға бағытталған жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Енді мерзімді әскери қызметшілер қызмет барысында кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама жеке құрамның рухани дамуын қолдап, 23 сәуір — Кітап күні қарсаңында кітап оқуды насихаттауды көздейді.Аталған мереке халықаралық дәстүрге негізделген.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында екі мотоцикл жүргізушісінің өрескел құқық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Arnapresss.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Мұхамедханов көшесінде тіркелген. Тексеру нәтижесінде екі жүргізушінің де көлік құралын басқаруға құқығы, яғни жүргізуші куәлігі болмағаны және мотоциклдердің мемлекеттік тіркеуден өтпегені белгілі болды.Атап айтқанда, SUZUKI мотоциклі 19 жастағы азаматқа, ал SAMURAI мотоциклі 21 жастағы азаматқа тиесілі. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді.Абай облысы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Облыс аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. Оның мақсаты – балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.Алғашқы бес күнде табиғатты қорғау полициясы 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Абай ауданының Қарауыл гимназиясында «Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа бастама өңірде алғаш рет қолға алынып отыр. Қазіргі таңда сынып құрамында 23 оқушы білім алуда.Салтанатты шараға ата-аналар, ардагерлер, педагогтар және полиция қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аблай Нұрымов «Жас Сақшы» сыныбының лентасын қиып, оқушылар алғашқы анттарын қабылдады.Өз сөзінде Аблай Нұрымов бұл жобаның маңызына тоқталып, жас буынды тәртіпке, патриоттық рухқа және жауапкершілікке баулудың маңызды қадам екенін атап өтті.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Нерест» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Аталған шара аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Семей қаласында құрылыс алаңында болған қайғылы оқиға салдарынан 20 жастағы студент бір қолынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz КТК-ға сілтеме жасап.Жергілікті университеттің заң факультетінде 4-курста оқитын Асылжан Кәлелов демалыс уақытында қосымша табыс табу мақсатында құрылыс жұмысына барған.Оқиға цемент араластыратын құрылғыны тазалау кезінде болған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО облыстық сотына сілтеме жасап. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған.Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат Т. қаладағы Қазақстан көшесі, 159/1 мекенжайында орналасқан «Башпай» дүкенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай іс-шара ұйымдастырған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Шымкент қаласында «The Coca-Cola Company» компаниясының ресми өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, «Coca-Cola» брендімен қолдан жасалған контрафактілік өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап. Қала базарларында жүргізілген тексеру барысында ірі көлемде жалған салқындатқыш сусындардың сатылып келгені белгілі болды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Оқиғаға қатысы бар үш күдікті ұсталды: олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісі арнайы палатаға жатқызылып, полицияның бақылауына алынды.Оқиға 12 сәуір күні таңертең Екібастұз қалалық ауруханасының травмпунктінде болған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
2026 жылғы 20 сәуірден бастап Абай облысында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру және сатып алу акциясы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл бастама өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға бағытталған.Облыс тұрғындары тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттарды полицияға өз еркімен тапсыра алады. Әр тапсырылған қару үшін оның жағдайына қарай ақшалай өтемақы қарастырылған: – толық жарамды қару — 100% төлем; – пайдалануға болатын, бірақ тозған қару — 70%; – жарамсыз қару — 30%.Мәселен, кейбір қару түрлері үшін төлем көлемі бірнеше жүз мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.Акция аясында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылмайды.Мамандар заңсыз қару сақтау — тек иесіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіретінін ескертеді.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компаниялары тарапынан мәліметтерді бұрмалау фактілері анықталғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, авиакомпаниялар авиаотын көлеміне қатысты есептерде нақты емес ақпарат көрсеткен.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Әлеуметтік желілерде азаматтарға емханаларға барғаннан кейін түсетін күмәнді қоңыраулар туралы ақпараттың таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлік баспасөзіне сілтеме жасап.Мәліметке сәйкес, мұндай жағдайлар еліміздің әртүрлі өңірлерінде тіркеліп отыр.
Arna Press,
02 апреля 2026
в 17:48
Семей қаласында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімі баспасөзіне сілтеме жасап.Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли мен полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бөлінген қаражат есебінен полиция қызметіне KIA Cerato, Hyundai Elantra, JAC және Chevrolet Cobalt маркалы 137 жаңа автокөлік берілді.
Arna Press,
01 апреля 2026
в 11:38
Абай облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, ҚМА Абай облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, арнайы операция жүргізген.Тергеу нұсқасына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған.
Arna Press,
30 марта 2026
в 22:28
Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары тағы да қоқыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін де аталған аудандағы 74-үй ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің дәл аула ортасына қойылуы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызып отырғаны жазылған болатын. Тұрғындар қала әкімі Әділет Қожанбаевпен кездесу барысында да осы мәселе көтерілгенін де жазған едік. Әкім қоқыс контейнерлерін әр үйдің артына көшіру ұсынғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты шаралар қабылданбаған.Күннің жылынуына байланысты жағдай тіпті ушығып отыр.
Arna Press,
30 марта 2026
в 17:08
Патрульдік полиция қызметкерлері Молдағалиев көшесі бойында күмән тудырған электрвелосипед жүргізушісін тексеру барысында 42 жастағы азаматтан алкоголь иісі сезіліп, оның мінез-құлқынан масаңдық белгілері байқалған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды.
Arna Press,
30 марта 2026
в 13:28
26–28 наурыз аралығында Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше профилактикалық іс-шара — «Демалыс» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапМектеп каникулы — әр бала үшін қуанышты, алайда кейде қауіпті кезең.
Arna Press,
27 марта 2026
в 18:38
2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Алматыда соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды.
Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
Arna Press,
18 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында полиция қызметкерлері сот шешімін орындамаған борышкерді жедел түрде анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапҚалалық полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 900 мың теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы сот шешімін орындамаған азаматты іздеуге қатысты қаулы түскен.Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Arna Press,
17 марта 2026
в 17:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынның мүлкін ұрлады деген күдікпен екі жергілікті азаматты қолға түсірді. 21 және 22 жастағы күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima маркалы автокөліктің кузовынан кабельді жасырын түрде алып кеткені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.
Arna Press,
17 марта 2026
в 11:48
Павлодар облысында есірткіге қарсы жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасапОблыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақсу қаласында күдіктіні қолға түсірді.Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, шамамен 11 келі өсімдік тектес есірткі заты табылған.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысында жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сенім артқаннан кейін күтпеген жерден 499 850 теңге көлемінде қарызға ұшырады.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефоны арқылы оның атына онлайн-несие рәсімдеген.Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейін білді.
Arna Press,
10 марта 2026
в 18:08
Семей қаласында қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті түсірілген видео тараған.
Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның түсіндіруінше, аталған өзгерістер қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс аясында енгізілген.
SportInfo,
23 февраля 2026
в 12:36
Жезқазғанда Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шахматтан чемпионаты өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс үш түрден тұрды: классика, рапид және блиц. Жас жігіттер мен қыздар бөлек сайысты.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 14:28
Абай облысы аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның нақты дәлелі – Шар қаласына қарасты Көшек ауылы тұрғындарының «Алкогольсіз ауыл» республикалық жобасына бірауыздан қосылуы деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап2026 жылғы 16 ақпанда өткен жалпы ауылдық жиында Көшек ауылы ресми түрде «салауатты ауыл» мәртебесіне ие болды. Іс-шара Жарма ауданы аумағындағы мектеп ғимаратында ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, білім беру саласының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.Көшек — 40 ауладан тұратын, 170 тұрғыны бар шағын әрі берекелі елді мекен.