Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
09 июня 2025
в 20:08
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.Сессияны ашқан облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтудағы рөлінің зор екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде «Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді.
Arna Press,
29 мая 2025
в 14:38
Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр.
Arna Press,
20 мая 2025
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.
Arna Press,
14 мая 2025
в 11:38
Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері кірген жұмыс тобы өңірде заң бұзушылықпен салынып, сонымен бірге азаматтардың қаржыларын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартқан құрылыс компаниялары бойынша өз ұсыныстарын айтатын болады.
Arna Press,
08 мая 2025
в 13:38
Аягөз ауданының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды.
Arna Press,
05 мая 2025
в 12:58
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл жолы 240 сарбаз Отан алдында адал қызмет етуге серт беріп, шекара күзетіне ресми кірісті.Салтанатты шарада сарбаздар сап түзеп, әскери тәртіппен ант мәтінін оқыды.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 17:08
Бүгін Абай облысында жол құрылысы маусымы ресми түрде ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықаралық маңызға ие «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының бойында өткен шараға облыс әкімі Берік Уәли, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 14:28
Еліміздегі білім беру саласында көшбасшылық танытып жүрген педагог-шеберлер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен арнайы кездесуге қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім беру басқрамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен жаңашыл бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Абай облысының өкілдері де белсене атсалысты.Бүгінде Қазақстан бойынша 4 мыңға жуық педагог-шебер еңбек етуде.
Arna Press,
16 апреля 2025
в 15:18
Облыс әкімі Берік Уәли Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан асты.
Arna Press,
14 апреля 2025
в 14:38
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтері және ардагер ұстаздармен онлайн форматта кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашық диалог алаңына айналған басқосудың мақсаты – білім беру жүйесіндегі ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтердің қоғамдағы рөлі мен тәлімгерлік тәжірибесін кеңінен насихаттау.Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық педагог қатысты.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 11:38
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.«Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады.
Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Arna Press,
07 марта 2025
в 14:08
Курчатов қаласында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің жаңартылған ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нысанды жаңғырту жұмысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын.Бұрын Шығармашылық үйі көп қабатты тұрғын үйде орналасып, тек 305 баланы қабылдай алатын.
Магнолия,
07 марта 2025
в 12:18
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Arna Press,
05 марта 2025
в 20:38
Аймақта 6 мыңнан астам адам банкроттық рәсіміне өтініш бергенімен, олардың басым көпшілігі мақұлданбаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ұлан Бакиров банкроттық рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен олардың аймақтағы жүзеге асырылу барысын түсіндірді.2024 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заңға қол қойды.
Arna Press,
05 марта 2025
в 16:38
Семейде полиция қоғам белсенділерімен бірлесіп қаңғыбас жылқыны ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласында полиция қызметкерлері «Автомобилистерге қолдау көрсету қоғамы» қоғамдық бірлестігінің көмегімен көшеде еркін жүрген жылқыны ұстау бойынша шаралар жүргізді.«Жануардың жолда бақылаусыз жүруі екі жол-көлік оқиғасына себеп болды: жаяу жүргіншілер өткелінде жылқы әйелді қағып кетті, сондай-ақ бір автокөлікпен соқтығысты», — деп хабарлады баспасөз қызметінде.Қазіргі уақытта жылқы ұсталып, иесіз малға арналған арнайы айып тұрағына орналастырылды.
Магнолия,
28 февраля 2025
в 23:38
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Arna Press,
26 февраля 2025
в 20:18
Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл түзетулерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлеріне біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және кейбіреулері үшін грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелер қарастырылған., — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар міндетті түрде грантты өтейтіні туралы норма бар.
Arna Press,
25 февраля 2025
в 11:28
Абай облысында кәмелетке толмаған балалар арасында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кеше әлеуметтік желіде, Семейдегі 343 квартал ауданында, кәмелетке толмаған бір топ бала ерекше қатыгездікпен басқа ұл баланы соққаға жықты. Араларында қыздар мен ұлдар болды.
EKaraganda.kz,
18 февраля 2025
в 15:55
Енді қазақстандық пайдаланушылар Kaspi.kz арқылы Xiaomi өнімдерін оңай және ыңғайлы түрде сатып алып, сенімді платформаның артықшылықтарын, сондай-ақ оның Kaspi Red және Kaspi рассрочка (бөліп төлеу) сияқты ыңғайлы сервистерін пайдалана алады. Жаңа дүкен Xiaomi компаниясының смартфондарын, киілетін электроникасын, ақылды гаджеттерін және құрылғыларын қоса алғанда, құрылғылардың кең ауқымын ұсынады.
Arna Press,
10 февраля 2025
в 12:38
Абай облысында Ішкі істер министрінің кеңесшісі, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері және жеке құрамымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов және Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қатысты.Кездесудің басты мақсаты – ардагерлермен тәлімгерлік мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі құнды тәжірибесін пайдалану. Өмірзақ Болсамбеков елімізде ІІМ ардагерлеріне тұрақты негізде қажетті қолдау көрсетіліп, материалдық және әлеуметтік көмек берілетінін атап өтті.Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде барлығы 549 ардагер бар, ең үлкені 90 жаста, ал ең жасы 36-да, – деп хабарлады Абай облысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.Департамент бастығы мен ардагерлер төрағасы өткізілген кездесу үшін кеңесшіге алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.Сурет: Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметі
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар.
Arna Press,
24 января 2025
в 18:48
2024 жылы 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Жүздеген отбасы баспана мәселесін шеше алды.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жалға берілетін 79,5 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.
Arna Press,
24 января 2025
в 14:21
2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және кішкентай азаматтарды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.
Arna Press,
23 января 2025
в 18:38
Абай облысы Полиция департаментінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша мамандандырылған бөлім ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл бөлім тек жаңа құрылым ғана емес, бұл – зардап шеккендерге жедел көмек көрсету, тиімді алдын алу шараларын қабылдау және азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасаудың кепілі.
Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Arna Press,
06 января 2025
в 15:18
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде.Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда.