Arna Press,
30 мая 2023
в 19:29
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Салдарынан біз үлкен сұранысты жасап жібердік. Тұрғын үй бағасы көтерілді. Тек баспанаға ғана емес. Жалпы инфляция өсті.
Arna Press,
29 мая 2023
в 14:18
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
29 мая 2023
в 13:38
Тараған ақпаратта Қазақстанда 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы айтылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.БЖЗҚ мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.