Популярные темы

Қаржы министрі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты пікір білдірді

Дата: 30 мая 2023 в 19:29 Категория: Новости политики


Қаржы министрі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты пікір білдірді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Салдарынан біз үлкен сұранысты жасап жібердік. Тұрғын үй бағасы көтерілді. Тек баспанаға ғана емес. Жалпы инфляция өсті. БЖЗҚ не үшін құрылды? Халық ақшасын көбірек жинасын дедік. Бірте-бірте ынтымақтастық зейнетақысы жойылуы керек еді. Көбі болашақта зейнетақысын БЖЗҚ-дан алғанын қаладық. Қазір лимитті қайта қарадық. Халықтың ақшасы аз қалды. Есептеулер осы қаражатты жеткілікті деп көрсетіп отыр», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, БЖЗҚ бір уақытта халық көп жинақтап, болашақта осы қордан зейнетақы алуы үшін құрылған.

«Әскери қызметкерлерге қатысты осындай саяси шешім қабылданғандықтан Еңбек министрлігінде есеп бар. Бұл соншалықты апатты сома емес, бірақ мен БЖЗҚ-да тұрақты қаражат болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл – біздің болашағымыз, барлық зейнеткерлердің болашағы, ішінде менің де қаражатым бар», — деді ол.

Министр өзінің зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алмағанын айтты.

«Мен бір тиын да шығарған жоқпын. Өйткені ол менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін. Екіншіден болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Бұл жинақты күнделікті қажеттілікке жұмсағым келмейді, болашаққа қалдырғым келеді. Қазақстандықтардың барлығы осылай істейді деп үміттенемін. Екінші жағынан, зейнетақы қорындағы ақша – болашақта инвестициялық жобалар үшін үлкен ресурс. Мұны да түсіну керек. Бұл – біздің артықшылығымыз. Басқа көптеген елдерде мұндай жоқ», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями