Arna Press,
01 марта 2025
в 20:58
Семейде жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін Семей қаласында Щорса көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі озып бара жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан.Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жай анықталуда.Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде мұқият болуға шақырады.
Arna Press,
26 февраля 2025
в 20:18
Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл түзетулерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлеріне біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және кейбіреулері үшін грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелер қарастырылған., — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар міндетті түрде грантты өтейтіні туралы норма бар.
Arna Press,
25 февраля 2025
в 21:58
Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда 22 ақпанда жасөспірімдердің қатысуымен орын алған оқиға қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.«Қарау қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды».Бұл шешімнің мақсаты — түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу.«Отбасылық ортаға ерекше назар аударылды. Үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім қабылданды», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.Материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді.
Arna Press,
25 февраля 2025
в 11:28
Абай облысында кәмелетке толмаған балалар арасында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кеше әлеуметтік желіде, Семейдегі 343 квартал ауданында, кәмелетке толмаған бір топ бала ерекше қатыгездікпен басқа ұл баланы соққаға жықты. Араларында қыздар мен ұлдар болды.
Arna Press,
16 февраля 2025
в 19:08
Бүгін Семейде дүкеннен өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.112 пультіне Семей қаласындағы дүкендердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.«Оқиға орнына жеткен кезде газ-ауа қоспасының (газ жанарғысы) жарқылдап жануы, кейіннен 5 шаршы метр аумақта өртке ұласқаны анықталды», — делінген Абай облысы ТЖД таратқан хабарламада.
Arna Press,
24 января 2025
в 16:38
Қала әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыс орталығындағы бұрынғы «Ертіс» қонақ үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, әкімдіктің салалық бөлімдері мен кейбір басқармаларға берілді.Көп қабатты ғимарат адам танымастай өзгерген. Әкімдік қызметкереріне қолайлы болу үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Arna Press,
15 января 2025
в 17:58
Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника.
Arna Press,
15 января 2025
в 12:28
Синоптиктер бүгін, 15 қаңтарда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
Arna Press,
13 января 2025
в 18:58
Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды.
Arna Press,
05 января 2025
в 16:48
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Семейде адамдармен суға кеткен көліктің іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп жетті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.«Сағат 09:00-де іздеу тобы қайтыс болған бір адамның денесін тауып, судан алып шықты.
Arna Press,
26 декабря 2024
в 17:58
Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 150 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды.
Arna Press,
26 декабря 2024
в 12:28
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы жайлы айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді. Науқастардың 15-і әзірбайжандық, сегізі ресейлік және үшеуі Қырғызстан азаматтары, ал біреуінің азаматтығы белгісіз.Олардың 11-і реанимацияда, 13-і травматология, 2 адам — нейрохирургия және біреуі — хирургия бөлімінде.«Науқастар әртүрлі жарақаттармен түсті, негізінен оларға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, жабық кеуде жарақаттары, 1-2 дәрежелі травматикалық шок диагноздары қойылды.
Arna Press,
25 декабря 2024
в 18:08
Бүгін, Ақтау маңында Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.Осы уақыттағы мәлімет бойынша аман қалған 29 адам, барлығы ауруханаға жеткізілді.
Arna Press,
23 декабря 2024
в 12:38
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 23 желтоқсанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде азаматтарға қанша төленгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.23 желтоқсанда жарияланған ақпаратқа сай, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды.Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.
Arna Press,
11 декабря 2024
в 16:58
Бүгін Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.
Arna Press,
30 ноября 2024
в 18:28
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.
Arna Press,
29 ноября 2024
в 12:58
Бүгін таңғы сағат 06:00-де ТЖ қызметінің пультіне Теректі ауылындағы балабақша ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, бір қабатты ғимараттың шатырын және төбелік жабындарын өрт шалғаны анықталды.Өрт шұғыл түрде сөндірілді.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 15:28
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға «Батыр ана» атағын салтанатты түрде табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде.
EKaraganda.kz,
11 ноября 2024
в 13:45
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.
Arna Press,
09 ноября 2024
в 18:48
Өрт сөндірушілер Семей қаласының Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешенінің өртін сөндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін түскі сағат бір шамасында, 112 пультіне қаладағы монша жанып жатқаны жайлы ақпарат түсті. ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында, өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына өрттің таралуымен болғаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп, сағат 14:15 шамасында өрт оқшауланды. Қызыл жалын шамамен 15 минуттан кейін 132 ш.м. жалпы алаңда толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды.
Arna Press,
29 октября 2024
в 20:28
Бүгін Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
21 октября 2024
в 10:48
«Қазгидромет» синоптиктері 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапМамандардың болжамы бойынша Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды.
Arna Press,
17 октября 2024
в 16:38
Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапАбай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.
Arna Press,
16 октября 2024
в 15:18
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді.
Arna Press,
15 октября 2024
в 19:18
Бүгін Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда барысында доллардың тағы да қымбаттауы байқалды. Доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңге болды.
Arna Press,
15 октября 2024
в 17:48
Бүгін 15 қазан Бозтаев көшесінде Renо ауыр жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, бұл көліктің жол бөлігінде аударылуына әкеліп соқты.
Arna Press,
15 октября 2024
в 12:18
Синоптиктер 15 қазанда еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр, қар жауатынын, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман.
Arna Press,
09 октября 2024
в 16:18
ТЖМ өкілдері Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндіріліп, өрттің жалпы ауданы анықталып жатқанын мәлім етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.«Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты» Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді.Бүгін аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды», — делінген хабарламада.
Arna Press,
09 октября 2024
в 14:28
Әуежайда жаңа терминал іске қосылғаннан кейін әуе айлағы бірнеше рет сынға ұшырады. Бүгін қандай өзгеріс енгізу жоспарланғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасапЖаңа халықаралық терминал 2024 жылдың 1 маусымында пайдалануға берілді. Іске қосу жоспарланған мерзімнен екі ай бұрын жүзеге асырылды.