Arna Press,
16 октября 2023
в 13:28
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», — делінген хабарламада.2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 312 мың адам.«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге».Сурет: Tengrinews.kz
EKaraganda.kz,
16 октября 2023
в 10:55
– Первое: акимату города совместно с управлением энергетики и ЖКХ вовремя подготовить проектно-сметную документацию по дальнейшим ремонтам тепломагистралей. Второе: необходимо разработать трёхлетний план ремонта внутриквартальных сетей – это очень важно. Третий вопрос связан с электросетями города, в ближайшее время прошу дать предложения, как повысить надёжность, – резюмировал аким области.
Arna Press,
13 октября 2023
в 16:58
12 қазанда Астанада төрт құрылысшы биіктен құлап кетті. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханада тағы бір жігіт қайтыс болғанын айты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дәрігерлер 2023 жылғы 12 қазанда құрылыс алаңында биіктіктен құлау салдарынан қалалық көпсалалы ауруханаға үш адам түскенін нақтылады.«Үшеуіне де жұмсақ тіннің көптеген жарақаты, қабырғаның, жамбас сүйектерінің жабық сынықтары, ішкі ағзалардың жыртылуы, жоғары дәрежелі шок және травмалық жағдай диагнозы қойылды».Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіДәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер қарқынды терапия бөліміне жатқызылып, жарақаттарына жедел ем жүргізілген.«Көптеген жарақаттың салдарынан 1999 жылы туған жігіт 12 қазан күні сағат 17:40-та қайтыс болды».Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіҚазір екі зардап шегуші (1999 және 2002 жылы туған) реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.Олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.Елордалық тәртіп сақшылары құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.Сурет: pixabay
Крыша,
13 октября 2023
в 15:27
Жылу мен ыстық судың ақысын бермеген Алматы тұрғындары оның үстіне қосылған өсімпұлды төлемесе болады. «Алматы жылу жүйесі» бұл мүмкіндікті жыл аяғына дейін пайдалануға болатынын хабарлады.«Ол үшін» негізгі қарызды (өсімпұлсыз) толық жапқан соң бізге өтінім жазып, төлем жасағанын растайтын түбіртекті қоса беру керек», — деді ЖШС өкілдері.Өсімпұлды алып тастау туралы өтінімді info@alts.kz электронды поштасына жіберу керек.Сонымен қатар Тұтынушыларға қызмет көрсететін орталықтарға жүгінуге мүмкіндік бар.Өтінімге жеке куәліктің көшірмесі мен негізгі қарызды төлегенін растайтын касса чегін қоса беру қажет.Қызмет көрсететін орталықтар:Қарызды төлеп, өсімпұлды алып тастаған соң абонент бүкіл шектеуден (мүлкін, банктегі шоттарын пайдалануға тыйым салу) арылады.Қосымша мәлімет пен қарыз мөлшерін жауапты мекеменің анықтама қызметінен сұрауға болады.
Arna Press,
13 октября 2023
в 14:58
Соңғы кезде астаналықтар қаладағы ұялы байланыс сапасына жиі шағымдана бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сигнал деңгейі төмендеп қана қоймай, толығымен істемей қалатын көрінеді.Алайда, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, мұндай үзіліс 5G технологиясына көшуге байланысты туындауы мүмкін және бұл «уақытша құбылыс».«Әрине, әр жағдайды бөлек анықтау керек.
EKaraganda.kz,
12 октября 2023
в 13:05
На основании коллективного обращения предпринимателей города Темиртау, Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий по Карагандинской области проведена внеплановая проверка в отношении АО «АрселорМиттал Темиртау».В результате проверки, установлены нарушения со стороны АО «АрселорМиттал Темиртау», в части незаконного отключения предпринимателей от сетей теплоснабжения города Темиртау.ДКРЕМ возбудил административное производство по части 4 статьи 164 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», которое по ходатайству АО «АрселорМиттал Темиртау» было передано на рассмотрение в суд.Постановлением Специализированного суда по административным правонарушениям города Темиртау от 5 октября 2023 года, за допущенные нарушения Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях», АО «АрселорМиттал Темиртау» привлечено к административной ответственности с наложением административного взыскания в виде штрафа в размере 5 520 000 (пять миллионов пятьсот двадцать тысяч) тенге.Данное постановление суда может быть обжаловано в течении десяти суток со дня вручения копии постановления.«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на 5,5 млн.теңге сомаға айыппұл салынды«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде орналасқан.Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеріс нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде бұзушылықтар анықталды.ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді.Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 (бес миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Осы соттың қаулысына қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Крыша,
11 октября 2023
в 00:07
Жалға алған пәтерге тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз: мүлік иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме, уақытша тіркеудің не қажеті бар және оның болмауы жалға беруші мен тұрғындарға қалай әсер етеді? Қазақстанда уақытша тіркеуді тұрғылықты орны бір айдан ұзақ мерзімге ауысқанда, яғни оқу, іссапар, туысыңызға қонаққа бару немесе пәтер жалға алу секілді жағдайларда рәсімдеу қажет.
Arna Press,
10 октября 2023
в 18:58
ҚР Энергетика министрлігі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген хабарламада.Энергетика министрлігі шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.Құжат 24 қазанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.Сурет: Zakon.kz
Новости пресс-служб,
26 ноября 2014
в 09:32
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.