Популярные темы

Алматыда жылу үшін ақша бермегендер өсімпұлдан құтылады

Дата: 13 октября 2023 в 15:27 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда жылу үшін ақша бермегендер өсімпұлдан құтылады
Стоковые изображения от Depositphotos

Жылу мен ыстық судың ақысын бермеген Алматы тұрғындары оның үстіне қосылған өсімпұлды төлемесе болады. «Алматы жылу жүйесі» бұл мүмкіндікті жыл аяғына дейін пайдалануға болатынын хабарлады.

«Ол үшін» негізгі қарызды (өсімпұлсыз) толық жапқан соң бізге өтінім жазып, төлем жасағанын растайтын түбіртекті қоса беру керек», — деді ЖШС өкілдері.

Өсімпұлды алып тастау туралы өтінімді info@alts.kz электронды поштасына жіберу керек.

Сонымен қатар Тұтынушыларға қызмет көрсететін орталықтарға жүгінуге мүмкіндік бар.

Өтінімге жеке куәліктің көшірмесі мен негізгі қарызды төлегенін растайтын касса чегін қоса беру қажет.

Қызмет көрсететін орталықтар:

Қарызды төлеп, өсімпұлды алып тастаған соң абонент бүкіл шектеуден (мүлкін, банктегі шоттарын пайдалануға тыйым салу) арылады.

Қосымша мәлімет пен қарыз мөлшерін жауапты мекеменің анықтама қызметінен сұрауға болады.
Нөмірі: 8 (727) 341-07-77.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями