Популярные темы

қолданылады: новости — страница 2

Шымкент пен Павлодарда жас бопсалаушылар ұсталды

Arna Press, 26 января 2024 в 11:38

Шымкент пен Павлодарда жас бопсалаушылар ұсталды
ІМ Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция ведомствосында жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және «ұры» идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр.23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды.Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Arna Press, 19 января 2024 в 14:08

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады», — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіОсылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек».Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар.

Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнеткерлерге төленетін төлемдер өсті

Arna Press, 12 января 2024 в 12:18

Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнеткерлерге төленетін төлемдер өсті
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ төлемдері 5%-ға өсті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шығатын азаматтарға төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді қабылдаудың бірінші жылында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді», — деп хабарлады БЖЗҚ.Белгілі бір санаттағы алушыларға: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жалпы сомасы кемінде алпыс теңгені құрайтын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдарға ай сайын, әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін ұлғайту факторларын түзету қарастырылған.«Жоғарыда аталған шарттардың біреуінен артық қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәнді түзету коэффициенті қолданылады», — делінген хабарламада.Бұл ретте, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің (2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің) кемінде 70%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады. (Минимум 43 407 теңге).

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Arna Press, 10 января 2024 в 14:18

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?
Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Жалға берілетін баспана: 2023 жылы қандай өзгеріс болды

Крыша, 27 декабря 2023 в 12:17

Жалға берілетін баспана: 2023 жылы қандай өзгеріс болды
Krisha.kz-тің аналитика қызметі биыл Қазақстанда жалға берілетін пәтер бағасы біршама тұрақты болды деп хабарлады.Қаңтар мен сәуір аралығында 3.5 % арзандаса, мамыр мен қыркүйек аралығында 12.8 % өсім көрсетті. Қазан айында баға тағы түсті.Қыстың алғашқы айында қарашамен салыстырғанда 2 % арзандады.Бұл құбылыс Krisha.kz мониторинг жүргізетін 13 қаланың (2024 жылы қала саны артады) 8-інде байқалды.Жалға берілетін пәтер құны түскен қалалар:Ақтау, Павлодар, Көкшетауда баға бірқалыпты болды.Петропавл мен Ақтөбеде 1 және 2 % қымбаттады.Ең қымбат баспана Алматыда: 1 шаршы метрі 5.7 мың теңге тұрады.

Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны артып келеді

Arna Press, 12 декабря 2023 в 12:38

Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны артып келеді
Биыл 186 мың адамға жұмыссыздық бойынша төлем алғаш рет тағайындалған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, биыл 186 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.«Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті», – делінген 12 желтоқсан күні жарияланған хабарламада.Ал осыдан бір ай бұрын биылғы жылдың басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адам болды.

Жалға берілетін пәтерлер арзандады: қазанда баға қаншалықты түсті

Крыша, 31 октября 2023 в 10:17

Жалға берілетін пәтерлер арзандады: қазанда баға қаншалықты түсті
Қазақстанда жалға берілетін пәтер арзандады. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 2.2 % түскен.Krisha.kz-тің аналитика бөлімі хабарлағандай, пәтерақы сомасы мониторинг жүргізген 13 қаланың 8-інде азайған. Қазан айында баға жаз басталғалы алғаш түскені тіркелді. Шілде мен тамызда ұзақ уақытқа жалға берілетін пәтер құны 4–7 % өскен болатын.

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.

Өңірде «Киберпол» бөлімі құрылғаннан кейін интернет-алаяқтардың қатысуымен жасалған қылмыстар азайған

EKaraganda.kz, 13 октября 2023 в 11:35

Өңірде “Киберпол” бөлімі құрылғаннан кейін интернет-алаяқтардың қатысуымен жасалған қылмыстар азайған
Қарағанды облысының ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Кайракбаевтың айтуынша, жәбірленушілерге аса ірі көлемде келтірілген залал тіркелген фактілердің саны 41%-ға азайған. -Бізде қазіргі заманғы зертхана, әртүрлі деректер базасы және қылмыстың осы түрін есептеуге және жолын кесуге мүмкіндік беретін қуатты технология бар — деді ол.Жақында интернетте 170-тен астам алаяқтық жасады деген күдікпен 40 адам ұсталды.

2024 жылғы АЕК мөлшері аталды

Arna Press, 21 августа 2023 в 14:38

2024 жылғы АЕК мөлшері аталды
Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:АЕК жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды

Arna Press, 12 июля 2023 в 17:38

Президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды
«Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды», — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн.
Показано 11 новостей из 41