Arna Press,
13 марта 2026
в 16:18
Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері үй жағдайында заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бұл дерек «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болған.Тексеру кезінде тәртіп сақшылары үй-жайдан белгісіз сұйықтық құйылған 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас шамамен 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған арнайы аппаратты тапты.
Arna Press,
13 марта 2026
в 13:58
Наурыз айында 10 балаға Кенесары есімін берген ата-аналар сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін Қазақстанда наурыз айында дүниеге келген сәбилерге Кенесары есімін берген алғашқы 10 отбасыға арнайы жөргекпұл табысталатыны туралы жазған болатынбыз.Бұл бастаманы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай қолға алып, ел ішінде үлкен қолдау тапты.
Arna Press,
12 марта 2026
в 17:58
Абай облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасына арналған Auylga.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін сайтымызда бұл жобаның ресми сайты әзірленіп жатқанын жазған едік. Қазір платформа толық іске қосылып, бағдарламаға қатысты барлық қажетті ақпарат жүктелген.Жобаның жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрардың айтуынша, бастама облыс әкімі Берік Уәлиұлының ұсынысымен қолға алынған «Қаладан — Ауылға» қанатқақты жобасын іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
EKaraganda.kz,
05 марта 2026
в 12:35
Таныстырылымның басты оқиғасы — Xiaomi мен Leica арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы хабарлама болды. Енді әріптестік бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар форматынан стратегиялық бірлесіп жасау моделіне өтті. Бұл өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде терең интеграцияны білдіреді.
Arna Press,
05 марта 2026
в 11:08
Bala Park ойын-сауық орталығының бутиктерін жалдап отырған кәсіпкерлер Arnapress.kz редакциясына өз мәселелерін жеткізді.Еске сала кетейік, 3 наурыз күні орталық ғимаратынан өрт шығып, шатыры опырылған болатын. Қазіргі уақытта нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Абай облысында «Қаладан ауылға» жобасы ауыл тұрғындарын тұрақтандыруға және елді мекендерге жаңа тұрғындарды тартуға бағытталған. Жоба шарты, міндеті және сайт та жасалып жатыр деп хабарлайды Arnapress.kz «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы жайлы анық-қанығын білу үшін осы жоба бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрармен байланысқа шықтық.
SportInfo,
25 февраля 2026
в 16:56
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aqorda сілтеме жасап хабарлайды. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 15:48
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.
SportInfo,
21 февраля 2026
в 10:16
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті. Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты. ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 19:18
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 18:18
Милан–Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының қыздары финалдық кезеңге шықты деп хабарлайды Arnapress.kz Qazsport-қа сілтеме жасапЕкінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын иеленді. Ал Аяулым Әмренова 10-сатыға тұрақтады.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 14:58
Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған деп хабарлайды Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеңілдікті пайдалану үшін барлық пойыздарда жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:01
Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін «Жаңа адамдар» қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі. Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше. Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен.
EKaraganda.kz,
24 декабря 2025
в 12:17
Жобаның мақсаты – қатысушыларға IT-саладағы заманауи дағдыларды үйрету, кәсіби дамуына қолдау көрсету және еңбек нарығына қосылуына мүмкіндік беру. По информации ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области».
SportInfo,
17 ноября 2025
в 12:16
Қазақстан семсерлесу федерациясы шпагашы Руслан Құрбановқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілгенін хабарлайды. Бұл атақ келесі жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі:. 1. Олимпиада ойындары — ересектер арасында 1, 2 немесе 3 орын. 2. Әлем чемпионаттары — ересектер арасында 1 немесе 2 орын.
SportInfo,
31 октября 2025
в 11:26
Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Усиде өткен Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, соңғы алты жылдағы үздік нәтижені тіркеді. Нодира Ахмедова (-49 кг) мен Айдана Құмартаева (-46 кг) Қазақстанға ұзақ үзілістен кейін Әлем чемпионатының медалін сыйлады. Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатынан соңғы рет 2019 жылы медальмен оралған.
SportInfo,
28 октября 2025
в 15:06
Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi Ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи шара болды.
SportInfo,
22 октября 2025
в 17:06
«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жанкүйерлерге алғысын білдірді: «Бұл кеште Орталық стадионға келгендердің барлығына рақмет! Күннің аязына және жұмыс күні болғанына қарамастан, трибуналар тірі, қолдау көрсетіп, сенді. Диас Төлеу түлегіміздің рухына тағзым еткендеріңізге ерекше алғыс білдіреміз.
SportInfo,
21 октября 2025
в 09:06
Қазақстан мен Түркия теннис федерациялары теннисті дамыту саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ президенті Болат Өтемұратов пен ТТФ президенті Шафак Мюдеррисгил қол қойды. Келісімде қос тараптың теннисті ұлттық және халықаралық деңгейде бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ тәжірибе және спортты дамытудың негізгі бағыттарында озық машықпен алмасуға ұмтылысы көрініс тапқан. Қазақстан мен Түркия мынадай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырумен жұмыстанатын болады: спортшылар мен бапкерлерді әзірлеу (бірлескен жаттығу жиындары, бапкерлермен алмасу және сарапшылардың ұлттық семинарлар мен конференцияларға қатысуы), жастарды қолдау (жас теннисшілерді даярлаудың табысты үлгілерімен алмасу, бірлескен турнирлерді ұйымдастыру), турнирлер өткізу (ATP, WTA және ITF турнирлерін қосқанда, кәсіби және жастар жарыстары), білім беру және қазылық жасау ( бапкерлер үшін оқу бағдарламаларын бірлесіп жасау, халықаралық тәжірибе алу үшін төрешілермен және басқа ресми адамдармен алмасу), инфрақұрылымды дамыту және инклюзивтік бағдарламалар.
SportInfo,
16 октября 2025
в 18:16
2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Дода басталуына тура 30 күн қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо. Ұлттық командалар төртжылдықтың басты додасына дайындықты аяқтап жатыр. Қараша айында қорытынды оқу-жаттығу жиындары өтуде:.
SportInfo,
16 октября 2025
в 17:46
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Абай облысының 5 мыңнан астам азаматы жаңа үлгідегі паспорт алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шілде айының ортасынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықталған паспорттарды ала бастады.Бұл өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілді.«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі азаматтардың паспорттары мен азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа қорғаныш элементтерін енгізуді пысықтады.Соның нәтижесінде, Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 14:48
Облыс әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жобасы талқыланды. Жоба аясында «Таза көмір» технологиясын қолданатын, электр қуаты 360 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал болатын жаңа станция салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, техникалық шарттар алынған.
Arna Press,
27 августа 2025
в 11:48
Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін жалдамалы тұрғын үйді бөлу ережелері түсіндірілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.Спикердің айтуынша, арендалық пәтерлерді тек Қазақстан азаматтары мен қандастар ала алады. Ол үшін бірыңғай электронды базаға «тұрғын үйге мұқтаж» ретінде тіркелу қажет.«Үйді бөлу процесі толық автоматтандырылған. Қолмен бөлу немесе кезектен тыс беру қарастырылмаған.
Arna Press,
20 августа 2025
в 13:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Arna Press,
20 августа 2025
в 12:18
19 тамыз Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Сағат 16:00 шамасында 55 жастағы «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің қақпасы жанында тұрған балалар тобына соқтығысқан.Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Arna Press,
18 августа 2025
в 20:28
Абай облысында «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасы іске асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері онлайн қатысты. Бұл бағдарлама қарызын 90 күннен аса уақыт өтей алмай жүрген азаматтарға көмектесуге арналған.
Arna Press,
20 июня 2025
в 20:18
Семейде «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласында өткен форум Абай облысының экономикалық және технологиялық әлеуетін таныстыратын маңызды алаңға айналды. Шараға Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары, елімізге танымал кәсіпкерлер, шетелдік және отандық инвесторлар, түрлі саланың сарапшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.