Arna Press,
03 февраля 2026
в 19:28
Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтетін тестілеу туралы хабарлады дейді Arnapress.kz департаментке сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың 3–10 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында қазақ тілін және Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады.Тестілеу 11 ақпан күні өтеді. Қатысу үшін талапкерлер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде бере алады.Өтініш беру және тестілеуге қатысты негізгі сілтемелер: өтініш беру: app.testcenter.kz, нәтижелерді тексеру: certificate.testcenter.kzТест тапсырмаларының жалпы саны — 100 сұрақ, оның ішінде: қазақ тілі — 30 тапсырма, ҚР Конституциясының негіздері — 40 тапсырма, қазақстан тарихы — 30 тапсырмаӨту үшін қажетті шекті балл — 100 баллдан кемінде 50 балл, оның ішінде, қазақ тілі — кемінде 15 балл, ҚР Конституциясының негіздері — кемінде 20 балл, қазақстан тарихы — кемінде 15 балл.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 14:58
Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған деп хабарлайды Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеңілдікті пайдалану үшін барлық пойыздарда жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
27 января 2026
в 18:28
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
SportInfo,
03 декабря 2025
в 12:06
2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды: Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді.
EKaraganda.kz,
03 ноября 2025
в 16:25
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 Сериясындағы, алдыңғы қатардағы QD-Mini LED технологиясы базасындағы жаңа деңгейде көруді ұсына отырып, үй ойын-сауығын жаңа деңгейге көтереді. Әрі бұл үлгілер сапына диагоналі 55», 65» және 75» болатын дисплейлері бар, қонақ бөлмесі, жатын бөлме немесе ойын аймағына арналған оңтайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік беретін үлгілер қосылады.
Arna Press,
06 октября 2025
в 17:18
Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.«Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты.
Arna Press,
06 октября 2025
в 12:08
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. -Жастар саясаты аясында облысымызда ірі жобалар жүзеге асырылды. «ASK CAMP» республикалық форумы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары, «240 сағат ауылда» жобасы, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени-рухани шаралар жастардың белсенділігін арттырып, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе, экологиялық акцияларға, интеллектуалдық ойындарға және волонтерлік қозғалыстарға жастардың кеңінен қатысқанын атап өтуге тұрарлық, – деді басқарма басшысы.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушыларды сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 16:58
24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттарды дүкендерде және қызмет ақысын төлеу кезінде қабылдамайды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және оларды барлық жерде қабылдауға міндетті.
Arna Press,
15 сентября 2025
в 21:18
ҚМА Абай облысы бойынша департаменті балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу барысында анықталғандай, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған.Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға «қатысушы» ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған.Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген.Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді.
EKaraganda.kz,
05 сентября 2025
в 18:36
О приоритетных видах спорта подробнее сообщил вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев на брифинге в СЦК«В перечень вошли дисциплины Олимпийских, Паралимпийских, Сурдлимпийских, Азиатских и Параазиатских игр, а также ряд неолимпийских и национальных видов спорта», — отметил Жарасбаев.В реестре национальных дисциплин — қазақ күресі, тогызкумалак, асық ату, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, құсбегілік, жекпе-жек, традиционная стрельба из лука.По данным Министерства туризма и спорта, фокус на приоритетных направлениях позволит точечно распределять ресурсы и повышать результативность выступлений на международной арене.
Arna Press,
04 сентября 2025
в 15:28
В новой редакции Закона «О физической культуре и спорте», вступившего в силу в июне текущего года, национальные виды спорта включены в перечень приоритетных направлений, наряду с олимпийскими и паралимпийскими. Об этом сегодня сообщил вице-министр туризма и спорта Серик Жарасбаев на брифинге Службы центральных коммуникаций при президенте РК, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу Министерства туризма и спорта РК.«Глава государства уделяет большое значение развитию национальных видов спорта.
Arna Press,
19 августа 2025
в 18:48
Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді.Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс.
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.«Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады», — деп мәлімдеді ведомство.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді.
Arna Press,
13 августа 2025
в 16:58
Абай облысында 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісін анықтады.2025 жылдың 30 мамырында аудандық ТКШ бөлімі «МИТ Теплосервис» ЖШС-мен «Орталық» қазандығына күрделі жөндеу жүргізу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасасқан.
Arna Press,
03 августа 2025
в 07:48
Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат электр энергиясын сататын компаниялардың келесі топтары үшін тарифтерді көтеруді көздейді:Сондай-ақ 63-ші топтағы энергия өндіруші ұйымдар үшін тариф бір кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.Бұйрық 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды
EKaraganda.kz,
18 июля 2025
в 14:35
На два дня Курылыс превратится в арену настоящего спортивного праздника, где соберутся лучшие спортсмены области, чтобы продемонстрировать силу, ловкость, меткость и верность казахским традициям.Гостей ждет настоящее зрелище: захватывающие соревнования по десяти видам спорта, среди которых – теңге ілу, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, аламан бәйге и жекпе-жек.
Arna Press,
17 июля 2025
в 19:58
Мемлекеттік шекарада ірі көлемде валюта тасымалдау дерегі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 16 шілдеде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Семей шекара басқармасының «Байтанат» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінде шекаралық наряд күдікті деректі анықтады.
Arna Press,
09 июля 2025
в 18:58
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Семей шекара басқармасының шекарашылары мемлекеттік шекарадан заңсыз тауар өткізбек болған екі жағдайдың жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 6 шілде күні «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде Қазақстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған автокөліктен көлемі 700 литр дизель отыны анықталды.
Arna Press,
21 июня 2025
в 12:08
Абай облысында орналасқан шекаралық бақылау бөлімшелерінде маусым айының ортасында бірқатар заңбұзушылық деректері тіркелді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыстық департаменті мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп, бірнеше заңға қайшы әрекеттердің жолын кесті.15 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Ауыл» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен рейстік автобуста Ресейге бет алған ҚР азаматшасының сөмкесінен жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтады.
Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
12 июня 2025
в 10:28
2025 жылдың мамыр айында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жоспарлы түрде қызмет атқарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАй көлемінде шекара арқылы 69 717 адам мен 26 340 көлік құралы өткізілді. Қызмет барысында бірнеше заңбұзушылық фактілері тіркелді.Заңсыз әрекеттерге қатысты түрлі деректер анықталды.
Магнолия,
03 июня 2025
в 17:18
«Байзақ су» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті бөліміне суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға міндетті болып табылады.
Arna Press,
02 июня 2025
в 11:58
Үржар ауданының әуежайына алғаш рет SCAT әуе компаниясының «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудан тұрғындары бұған дейін «АН-24» ұшағымен қатынап келген болатын. Енді «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалатын болады.
Магнолия,
30 мая 2025
в 18:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Магнолия,
30 мая 2025
в 17:58
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2023-2024 жылдың қорытындысы бойынша «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 16) тармақшасы, яғни бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау талабының сақталмағандығын анықтады.
Arna Press,
28 мая 2025
в 14:58
Бородулиха ауданында жергілікті атқарушы орган бөлінген қаражатты толық көлемде пайдалану орнына үнемдеуге тырысқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты бұзушылықтарды анықтады.