Популярные темы

кәмелетке толмаған: новости — страница 2

Төтенше жағдайдан зардап шеккен қазақстандықтар жоғары оқу орындарына квота бойынша түсе алады

Arna Press, 27 мая 2024 в 20:28

Төтенше жағдайдан зардап шеккен қазақстандықтар жоғары оқу орындарына квота бойынша түсе алады
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау квотасының мөлшеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарына квота бойынша түсетін тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, келесілер толықтырылады:мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша міндетті әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген Қазақстан Республикасының азаматтары – 1 %;әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар – 20%.Қазіргі уақытта оның құрамына кіреді:бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар – 1;басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 0,5 %;ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;ауыл жастары арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтарына – 5 %;төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары – 5 %;кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 1%;бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер — 1%.Министрлікте атап өткендей, түзетулердің мақсаты – міндетті әскери қызмет өткерген және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер үшін жоғары оқу орындарына түсуге жаңа қабылдау квотасын қосу.Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Сурет: freepik

Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін атады

Arna Press, 21 мая 2024 в 20:08

Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін атады
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді

Магнолия, 24 марта 2024 в 00:08

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді
Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы. Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақмүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырау мен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1 тармағы, 143-бабы). «Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді.

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді

Магнолия, 19 марта 2024 в 17:28

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді
Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы. Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақмүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырау мен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1 тармағы, 143-бабы). «Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді.

Аягөзде жоғалған бала табылды

Arna Press, 12 февраля 2024 в 10:48

Аягөзде жоғалған бала табылды
Абай облысының Аягөз ауданында жоғалған 8 жасар баланы табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды.

Абай облысында мал жаюға кеткен сегіз жасар баланы іздестіруде

Arna Press, 11 февраля 2024 в 23:18

Абай облысында мал жаюға кеткен сегіз жасар баланы іздестіруде
Аягөзде бүгін таңертең мал жаюға кеткен сегіз жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Arna Press, 16 января 2024 в 19:58

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.15-26 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, мас күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар

Arna Press, 27 ноября 2023 в 12:08

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген

Arna Press, 16 ноября 2023 в 10:38

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген
Елімізде соңғы жылдары оқушы қыздардың босануы жиілеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады.

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.Ер адам кінәсін мойындаған.«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты

Arna Press, 09 октября 2023 в 12:38

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты
«102» арнасына қаланың тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз жігіттің оның кәмелетке толмаған ұлының телефонын алып алғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жасөспірімнің айтуынша қала көшелерінің бірінде, белгісіз жігіт оған смартфонынан қоңырау шалып алайыншы деп өтінген.

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты.

Абай облысында полицейлері қарбыз ұрлаушыларды ұстады

Arna Press, 15 сентября 2023 в 16:48

Абай облысында полицейлері қарбыз ұрлаушыларды ұстады
Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады, деп жазды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуы бойынша осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған.Мәселе шығында емес, еңбекте, — деп ашынды қарбыз иесі.Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған).

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен

Arna Press, 06 сентября 2023 в 15:08

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен
ТЖМ ақпаратына сәйкес, шомылу маусымы кезінде 1 маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен.
Показано 14 новостей из 44