Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
SportInfo,
20 марта 2026
в 03:46
Лионель Месси тағы бір тарихи белесті бағындырды. Аргентиналық шабуылшы кәсіби мансабындағы 900-ші голын соғып, әлем футболындағы аңыз ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік — оның ұзақ жылғы тұрақтылығы мен жоғары деңгейінің айқын көрінісі. Месси клубтық және халықаралық деңгейде үздік ойын көрсетіп келеді: «Барселона» сапында 672 гол, «ПСЖ»-да 32, «Интер Майами» үшін 81 және Аргентина құрамасында 115 рет гол соққан. «Барселона» түлегі ретінде ол клуб тарихындағы ең ұлы ойыншылардың біріне айналды.
Arna Press,
18 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған оқулықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылмақ.
Arna Press,
18 марта 2026
в 14:08
Қазақтың бай мұрасы мен ұлттық болмысын бүгінгі күнге жеткізіп жүрген шеберлердің бірі — қолөнер шебері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бұлбұл Кәпқызы. Оның әрбір туындысы — тарихтың ізі, ұлттың үні, дәстүрдің жалғасы. Arnapress.kz тілшісі Бұлбұл Кәпқызымен сұхбаттасып, ұлттық өнердің құндылығымен таныстыАстаналық шебердің айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталған. Әжесінің қасында жүріп, киіз үйге қажетті бұйымдарды жасаудың қыр-сырын меңгерген ол, бау тоқудан бастап, сырмақ пен түскиіз тігуге дейінгі барлық процесті көзбен көріп, қолмен ұстап өскен.«Өнерге бала кезден құштар болдым. Қырлы сырмақтың үстінде өсіп, киіз үйдің барлық керек-жарақтарын әжемнің қасында отырып үйрендім. Әжеме көмектесіп, бау, ши тоқып, өрмек тоқып, сырмақ, түскиіз тіккендерін көріп, бойыма сіңірдім.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапКәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Мереке» және «Смокк» базарлары 2026 жылдың соңына дейін, ал «Ақшың» базары 2028 жылға дейін қайта жаңғыртылмақ.
Vera.kz,
14 марта 2026
в 22:49
Праздничная акция стала ещё одним напоминанием о важности сохранения национальных традиций, взаимного уважения и укрепления единства общества, передает vera.kzВ Шымкенте военнослужащие и служба по работе с членами семей военнослужащих войсковой части 35748 провели праздничное мероприятие, посвящённое первому дню декады Наурызнама — Көрісу күні – Амал мерекесі.Под музыкальное сопровождение военного оркестра, исполнявшего национальные мелодии, женщины-военнослужащие и гражданский персонал части в национальных костюмах с баурсаками и кумысом прошли по штабу части, учебным классам, казармам и медицинской роте бригады.
Arna Press,
12 марта 2026
в 18:58
Президент Қазақстанда коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең көлемде жаңғырту қолға алынғанын хабарлады, дейді Аrnapress.kz Үкіметке сілтеме жасапМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Қазақстандағы жылу электр стансаларын модернизациялауды бастағанын атап өтті. Қазіргі уақытта 37 жылу электр стансасы жөнделді, ал кейбіріне қосымша жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Arna Press,
11 марта 2026
в 18:38
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақ радиосының тұңғыш дикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz turkystan.kz сілтеме жасапСалтанатты шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Arna Press,
11 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда экономика өсіп жатқанына қарамастан, халықтың нақты табысы төмендеп отыр. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткен жылы халықтың нақты табысы 6 пайызға азайған, ал елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Сарапшы мұндай айырмашылықтың негізгі себебі инфляция екенін атап өтті.
Arna Press,
10 марта 2026
в 18:08
Семей қаласында қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті түсірілген видео тараған.
Arna Press,
10 марта 2026
в 13:28
Өскеменде тұрғындардың қоқыс шығару қызметіне берешегі 247 миллион теңгеге жеткен. Коммуналдық мекемелердің мәліметінше, келісімшартқа отырған әр бесінші тұрғын төлемді уақытында жасамайды. Бұл жағдай қала тазалығына да кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz 24kz сілтеме жасап.Қалада тұрмыстық қалдықтарды шығарумен екі компания айналысады.
Arna Press,
09 марта 2026
в 17:58
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама «Наурыз» бағдарламасы 10 наурыздан басталады деп хабарлайды Аrnapress.kz «Отбасы банкке» сілтеме жасап . Бағдарлама аясында азаматтар жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана ала алады.Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) болады.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Семейде қаржы пирамидасына сеніп, ақшасынан айырылғандардың саны 140-тан асты. Жәбірленушілер арасында көпбалалы отбасылар да бар. Кейбір тұрғындар алаяқтарға ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге берген, деп хабарлайды Arnapress.kz. Жетінші арнаға сілтеме жасапҚазіргі мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 1 миллиард теңгеден асқан.
Arna Press,
03 марта 2026
в 14:08
Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі импортталған.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 13:18
Семей қаласындағы №35 әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Еске сала кетейік, сайтымызға тұрғындар 35 маршурут суық, жеткенше тоңып барамыз деп жазған болатын. Соған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабында: «Аталған бағыт «Авто Транс» ЖШС жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру келісімшартына сәйкес қызмет көрсетеді.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 18:08
Бейбітшілік аралында («Өлімнен де күшті» монументінің жанында) «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 14:38
Абай облысындағы ЖЭО-3 жылу орталығының орналасуы мен құрылыс мерзімі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін жазғанымыздай жылу беру қазандықтары өңірде ыс пен күйе мәселесіне қатысты шағымдарға жауап алсақ, енді жаңадан салынатын жылу орталығының іске қосылуы осы проблемаларды шешіп, облыс орталығының тұрғындарына тұрақты және сапалы жылу қамтамасыз етіледі.«Ең бастысы, облыс орталығында халықтың барлығы күтіп отырған жылу электр орталығының құрылысы көптеген мәселелерді шешетіні барлығымызға аян.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласы тұрғындарынан, әсіресе жылыту маусымында, аулада және көшеде ыс пен күйенің көбейіп, кейде таза ауада тыныстаудың қиындайтыны туралы шағымдар жиі түседі. Осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz«Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы қазандықтарды аралап шықтық.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 20:38
Алматы облысының тумасы, бүгінде 87 жасқа келген Алтыншаш Сариева — тағдырлы ғұмыр кешкен, тәубесі мен төзімі қатар өрілген ерекше жанмен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, тілдесті.Ол 1940 жылы Алматы облысы, Горный Гигант ауылында дүниеге келген. Бала күнгі естеліктері де ерекше. Айтуынша, кішкентай кезінде тілі шықпаса да, жүріп-тұратын болған. Үйде жалғыз қалып, есікті сыртынан тіреп кеткен сәттерде өзін бір тылсым күш қорғаштап жүргенін сезінгенін айтады. «Анам емшілік қасиеті бар кісі болған.
Sports.kz,
24 февраля 2026
в 19:09
Батырбек Аширбаев, который является депутатом маслихата Шымкента, назначен вице-президентом «Ордабасы», передает Sports.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.«Батырбек Аширбаев назначен вице-президентом ФК „Ордабасы«.В структуре управления футбольного клуба „Ордабасы« произошли кадровые изменения. На должность вице-президента клуба назначен Батырбек Мырзакельдыулы Аширбаев.Батырбек Аширбаев родился в 1990 году в Туркестанской области.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 15:48
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 12:18
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала ескертусіз балалар нысандарын тексеру тәжірибесін қайтарады және вакциналардың қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесін енгізеді, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Дерекке сүйенсек, соңғы жылдары тексерулердің саны 2012 жылғы 158 мыңнан 2025 жылы 440-қа дейін қысқарды, бұл қауіптерді болжау жүйесін әлсіретіп, инфекциялық аурулардың өршуіне әкелді.Жағдайды түзету үшін балалар болатын нысандарға алдын ала ескертусіз тексерулерді қоса алғанда, ерекше мемлекеттік бақылауды қайтаратын заң күшіне енді.
Arna Press,
21 февраля 2026
в 16:18
Бұған дейін редакциямыз жазған Қарағайлыдағы пәтер тұрғындарының мекенжайдағы «дроб» пен «блок» мәселесіне қатысты түйткілдеріне байланысты Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев халықпен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Қарағайлы шағынауданына арнайы барған қала басшысы тұрғындардың жай-күйімен танысып, көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерін тыңдады.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 19:18
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.
SportInfo,
20 февраля 2026
в 03:06
Софья Самоделкина өз мансабындағы жаңа рекордты орнатты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Еркін бағдарламада сынға түскен спортшымыз жалпы 207.46 ұпай жинады. Бұған дейінгі оның рекорды 205.67 (2021 жыл) ұпай еді.
EKaraganda.kz,
19 февраля 2026
в 14:05
Напомним, монета OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK номиналом 1000 тенге изготовлена из серебра 925 пробы, c применением технологии цветной печати. Масса монеты – 20 грамм, диаметр – 37 мм, качество изготовления – proof. Она выпущена тиром 2 тысячи штук.Монета «БАЙҚОҢЫР — 70 ЖЫЛ» номиналом 2000 тенге изготовлена полностью из тантала, с применением на аверсе монеты технологии нанесения скрытых изображений, видимых под ультрафиолетовым свечением.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі — Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 16:08
Автобус жүргізетін әйелдер елімізде некен-саяқ, солардың бірі — Семей қаласының 5‑ші маршруттың жүргізушісі Айжан Көксейітова. Аrnapress.kz тілшісі оның еңбек жолымен танысып қайтты.«Мен Шар ауданы, Жайма ауылында дүниеге келдім. Сол ауылда 11 жыл оқып, 1991 жылы мектепті бітірдім. Кейін Шәкәрім университетінде ауылшаруашылық өнімдерін басқару мамандығын тәмамдадым, бірақ диплом сол қалпы қалды – еңбек жолым басқа салада басталды», — дейді Айжан.Кейін өзіне жеке микроавтобус сатып алып, оны жүргізуші жалдап, өзі кондуктор болған. «1996–1997 жылдары ол жолаушылар тасымалында кондуктор болып жұмыс істедім.