Arna Press,
13 февраля 2024
в 15:28
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ресми құжатта.Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген.
Akorda.kz (KZ),
11 января 2024
в 19:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
08 января 2024
в 11:18
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында «ҚазАвтоЖол» жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 12:48
Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 16:38
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған».ҚР ҚМА баспасөз қызметіҚазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды.Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды».ҚР ҚМА баспасөз қызметіСонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді.
Arna Press,
24 ноября 2023
в 17:28
Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 156 объектінің 12-сі Абай облысына тиесілі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына берген есебінде республика бойынша құрылыстың ұзақ салынатын санатына өткен 156 проблемалық әлеуметтік объект бар екенін атап өткен болатын.«Олардың қатарына Абай облысы бойынша Семей қаласындағы «Холодный ключ» және «Ақсай» кенттерін электрмен жабдықтау, «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын реконструкциялау, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру (Арбат), Шақаман ауылындағы су құбырының құрылысы, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы, Аягөз ауданы Ай және Қопа ауылдарындағы су жинау құрылғыларының құрылысы сияқты 12 объект енген» — делінген хабарламада.«Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын реконструкциялау бойынша жұмыстар барысын жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділері өз бақылауына алды.Сондай-ақ еріктілер қазандықтарға өлшеу құралдарын орнатып, сүзгілерді ауыстыруды және кәсіпорынның негізгі құралдарына толық түгендеу жүргізуді ұсынды.«Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағындықов өз баяндамасында жоғарыда аталған қазандықтарды реконструкциялаудың соңғы кезеңі аясында қоғам белсенділері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.«Осындай жұмыс барлық проблемалық объектілер бойынша жалғасатын болады» – деді Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов.Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі
Arna Press,
13 ноября 2023
в 13:28
Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды.Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн.теңге төленді.Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.
Магнолия,
28 сентября 2023
в 13:28
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық – ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.
kapital.kz,
14 сентября 2023
в 13:16
Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды.
Arna Press,
05 сентября 2023
в 19:18
Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді.
Vera.kz,
31 августа 2023
в 12:19
Прокуратура Рашидті кінәлі деп тануды сотта сұрады, деп хабарлайды vera.kzМемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунік Рашид Аюповқа тағылған айыпты дәлелденген деп санады.«Сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен құқық бұзушылықтар жиынтығы фактісі анықталды. Өрескел процедуралық бұзушылықтар болған жоқ.
Arna Press,
29 августа 2023
в 12:58
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.