Популярные темы

Басты міндет-сыбайлас жемқолдықты болдырмау

Дата: 28 сентября 2023 в 13:28


Басты міндет-сыбайлас жемқолдықты болдырмау
Стоковые изображения от Depositphotos Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық – ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау. Сондай-ақ, демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы, ең алдымен мемлекеттің атына нұқсан келтіреді. Осыған орай, мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты Жарлықтары қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған байланысты Жамбыл облысының Әділет департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау үнемі бақылауға алынып, іс-шаралар өткізілуде.   Қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздікті алдын алуды әрбір азамат өзінен бастағаны жөн. Еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің асыл мұраттарға қол жеткізуі біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы, міндеті.
Жамбыл облыстық Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями