Arna Press,
18 января 2024
в 13:48
Астанада жеке сот орындаушылары мүмкіндігі шектеулі жандарды жәрдемақыдан айырып, есепшоттарын заңсыз басып алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
Arna Press,
08 января 2024
в 14:08
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңіл жол апатына ұшыраған жүргізушілер полиция мен соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыру шағымын бере алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады.
Arna Press,
03 января 2024
в 15:18
1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банк анықтаған болжамды инфляция деңгейіне сәйкес жеті пайызға, ынтымақты зейнетақы тоғыз пайызға өсті, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға озды.«Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге) болады», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады.
Arna Press,
30 декабря 2023
в 21:28
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиясының 2024 жылға арналған сыйақы мөлшерлемесі белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылға арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ комиссиясының сыйақы мөлшерлемесі Қор қызметін жүзеге асыру үшін ҚР үкіметі белгілеген лимит шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың есепті айдағы шотынан алынған активтер сомасының 1,18%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленсін», – делінген құжатта.Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі үшін ең жоғары комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін 1,24%-дан аспайтын етіп белгілеу жоспарланған еді.Комиссиялық сыйақының ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі Қордың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жыл сайын белгіленеді.
Arna Press,
12 декабря 2023
в 12:38
Биыл 186 мың адамға жұмыссыздық бойынша төлем алғаш рет тағайындалған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, биыл 186 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.«Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті», – делінген 12 желтоқсан күні жарияланған хабарламада.Ал осыдан бір ай бұрын биылғы жылдың басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адам болды.
Akorda.kz (KZ),
07 декабря 2023
в 15:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
23 ноября 2023
в 11:28
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы — 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге.Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында.
Arna Press,
20 ноября 2023
в 13:08
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 484,3 миллиард теңге төленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 431 миллиард теңге жұмсалды.
Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап адвокаттар мен Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігіне міндетті сақтандыру енгізілді, бұл азаматтарға сапасыз заң көмегін көрсеткен жағдайда сақтандыру өтемін алуға мүмкіндік береді.
Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Arna Press,
13 ноября 2023
в 14:48
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады.
Akorda.kz (KZ),
07 ноября 2023
в 18:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
09 октября 2023
в 15:38
Мәжілісте өткен «үкімет сағатында» Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 3,3 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қандай жолмен тартуды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ажар Ғиният цифрлық отбасы картасы негізінде халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына талдау жүргізілгенін атап өтті.«Бүгінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған, бұл нақты жұмысы жоқ немесе расталған тұрақты табысы, жұмыссыз ретінде әлеуметтік мәртебесі, жоқ өзін-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар, олар МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.
EKaraganda.kz,
14 сентября 2023
в 13:45
Данным категориям граждан, при их обращении в уполномоченные органы занятости населения оказывается трудовое посредничество в соответствии их квалификациями требованиям на имеющиеся вакансии, также будут направлены на активные меры содействия занятости. Кроме того, они могут самостоятельно просматривать вакансии на портале электронной биржи труда www.enbek.kz.Также для трудоустройства лиц с инвалидностью создается специальное рабочее место с сохранением их занятости на срок не менее двенадцати календарных месяцев с момента его создания.
Arna Press,
04 сентября 2023
в 16:18
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.Сурет: Zakon.kz