Arna Press,
05 августа 2026
в 15:58
Семей қаласындағы Северный базары арқылы Энергетик шағын ауданы мен Қарағайлы тұрғын ауданын жалғайтын уақытша жол салынуда, деп хабарлайды Arnapress.kzҚарағайлы тұрғынжарына көктемгі қар суынан кейін жолдың сапасы одан әрі нашарлап, көлік қозғалысына айтарлықтай қолайсыздық туғызған еді. Қазіргі таңда жолдың Северный базарынан Реабилитациялық орталыққа дейінгі бөлігіне уақытша шешім ретінде ұзындығы 600 метр болатын ескі асфальт (фрезерленген материал) төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Arna Press,
04 августа 2026
в 13:48
Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысында жер төсемін төгу бойынша тәуліктік өндірістік рекорд орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚТЖ сілтеме жасап.22 шілдеде бір тәулікте 259 мың текше метр жер төсемі төгіліп, бұл жоба басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш болды.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, шілде айындағы орташа тәуліктік жоспар 206,1 мың текше метр болса, нақты орташа көрсеткіш 217,3 мың текше метрді құрады.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан стримерлерге қатысты бақылауды күшейтіп, республика бойынша 20-дан астам азаматтың жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды мақсат еткен кейбір стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған.
Arna Press,
03 августа 2026
в 17:18
Редакциямызға Қарағайлы шағынауданының тұрғынынан қоғамдық көлік қозғалысына қатысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Таңғы сағат 06:25 шамасында №4, №34, №36 және №41 бағытындағы автобустар мүлдем келмейді. Ал келген күннің өзінде олардың қозғалысы баяу болғандықтан, жолаушылар жұмысқа кешігу қаупіне тап боламыз.
Arna Press,
03 августа 2026
в 15:18
Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
Абай облысының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақсуат ауданында той кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Ақсуат ауданының Қабанбай көшесінде болған.
Arna Press,
29 июля 2026
в 16:58
Семей қаласында көлік қозғалысы кезінде люктен денесін шығарып, өзін ұялы телефонға видеоға түсірген жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы ПД сілтеме жасапАбай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Arna Press,
29 июля 2026
в 13:58
Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. Сот оның жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жеткізуге келіскенін анықтады.
Arna Press,
22 июля 2026
в 17:18
Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Астана — Семей, Қызылорда — Павлодар, Жезқазған — Астана, Алматы — Достық және Қызылорда — Көкшетау бағыттарындағы пойыздар жолаушыларға Wi-Fi қызметін ұсынады.Пойыздағы Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін жолаушылар авторизациядан өтіп, WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жібере алады.
Arna Press,
22 июля 2026
в 12:18
Семей қаласында 15 шілде күні 352-кварталдағы тұрғын үй ауласында болған автокөлік өртінің себептері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Полицияның мәліметінше, бейнебақылау камераларын тексеру барысында өртке дейін көлік маңында үш кәмелетке толмаған баланың жүргені белгілі болған.
Arna Press,
21 июля 2026
в 13:48
Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 14 шілде күні Қарағайлы шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыстағы Toyota RAV4 автокөлігінің капотында отырған жолаушының видеосы анықталған.Тексеру нәтижесінде көлікті 22 жастағы қала тұрғыны басқарғаны белгілі болды.
Arna Press,
20 июля 2026
в 14:28
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілген. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың 428 дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бір аптаның өзінде 35 құқық бұзушылық тіркелді.
Arna Press,
17 июля 2026
в 13:28
Қазақстанда әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Жобаға сәйкес, музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібі нақтыланады. Атап айтқанда, қорғаныш қаптамасына салынған домбыра, қобыз және өзге де музыкалық аспаптарды белгіленген өлшемі (110×35×30 см-ден аспайтын) мен салмағы (10 келіге дейін) сақталған жағдайда ұшақ салонында алып жүруге рұқсат беру ұсынылған.Сондай-ақ, әуе компанияларының талаптарына сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік қарастырылған.
Arna Press,
14 июля 2026
в 16:38
Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Arna Press,
10 июля 2026
в 15:48
2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстандағы тағы бес ақылы автожол учаскесінде көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа жүйе келесі бағыттарда жұмыс істейді:. Ақтөбе – Қандыағаш;. Алматы – Қорғас;. Көкшетау – Петропавл;.
Arna Press,
09 июля 2026
в 16:28
Семейдегі Шәкәрім университетінде Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтіп, өңір тарихында алғаш рет ветеринариялық қызметке 53 жаңа қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ветеринария саласы азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығының дамуы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыт екенін атап өтті.Жаңа техникалардың қатарында:.
Arna Press,
09 июля 2026
в 13:38
Семейде Дулатов көшесінде шемішке қабығын жолға шашқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Семей қаласында 35 жастағы жүргізуші Дулатов көшесімен келе жатып, теміржол өткелінде кезегін күтіп тұрған сәтте шемішке шағып, қабықтарын көліктің терезесінен тікелей жолдың жүру бөлігіне лақтырған.Оның бұл әрекетін қала тұрғыны бейнежазбаға түсіріп, Абай облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына жолдаған.
Arna Press,
07 июля 2026
в 11:08
Семей қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында екі ірі қиылысқа жаңа «вафельді» жол таңбасы енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа таңба мына мекенжайларда пайда болды:Шәкәрім даңғылы — Қабанбай батыр көшесі және Қабанбай батыр көшесі — Қаржаубайұлы көшесінің қиылысы.«Вафельді» жол таңбасы нені білдіреді?Сары түсті тор көзді таңба жүргізушілерге қиылысқа тек оны толық кесіп өте алатынына сенімді болған жағдайда ғана кіруге болатынын ескертеді.
Akorda.kz (KZ),
24 июня 2026
в 20:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
02 июня 2026
в 14:48
Қазақстанның негізгі туристік бағыттарына апаратын автомобиль жолдары жазғы маусымға дайын. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі ұсынған жол нұсқаулығында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Министрлік мәліметінше, Бурабай, Зеренді, Қарқаралы, Баянауыл, Балқаш және Алакөл секілді танымал демалыс орындарына баратын негізгі бағыттарда көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалған.Бурабай курорттық аймағына «Астана — Петропавл» тасжолы арқылы жетуге болады.
Arna Press,
26 мая 2026
в 10:58
Семей қаласындағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жарық шағылыстыратын жол таңбалары орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шара жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырып, жолдағы көріну деңгейін жақсартуға бағытталған.
Arna Press,
25 мая 2026
в 13:18
Алматы қаласында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды Arnspress.kz Polisia.kz.cілтеме жасап.Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Arna Press,
22 мая 2026
в 16:18
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Arna Press,
19 мая 2026
в 16:48
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасапАймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.
Arna Press,
13 мая 2026
в 15:08
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz бюроға сілтеме жасап. Ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары.
Arna Press,
12 мая 2026
в 18:08
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласындағы жаңа мешіт маңындағы айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиғаға «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктері қатысқан, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» көлігінің жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда және жол қозғалысын реттеу шараларын жүргізуде.Фото: ПД
Arna Press,
06 мая 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушыларға қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnpress.kz министрлікке сілтеме жасап. Енді такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауы тиіс.Жаңартылған талаптарға сәйкес, тасымалдаушылар көлік құралдарына қатысты мәліметтерді нақты көрсетуге міндеттеледі.
Arna Press,
05 мая 2026
в 13:48
Қарағайлы ықшам ауданындағы «Северный» аялдамасына жету тұрғындар үшін үлкен мәселеге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz Редакциямызға Қарағайлы тұрғындарынан жол жағдайына қатысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінде инфрақұрылымдық кемшіліктер аз емес.Атап айтқанда, «Северный» аялдамасына баратын жолдың шаңы мен тозаңы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.«Қала әкімі бұл жолды жөндейміз деп уәде берген еді.