Arna Press,
24 января 2025
в 18:48
2024 жылы 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Жүздеген отбасы баспана мәселесін шеше алды.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жалға берілетін 79,5 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолда қалған 50-ге жуық көлікті құтқарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ұйымның Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Боран саларынан облыстағы кейбір жолдар жабылды. Осы күндері жол саласының мамандары күшейтілген режимде күні-түні кезекшілік атқарып жатыр.Қар құрсауында қалған, жолдан шығып кеткен 50 ге жуық көлікті құтқарған.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 00:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» әзірлеген. Оның мақсаты қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету, сенімді қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру. Бүгінгі таңда аталған функционал сәтті іске асуда. Өңірімізде бұл карта аясында қандай жұмыс жасалып жатқаны жайлы түсіндіру үшін Абай облысы прокуратурасының Қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Әсет Мұқашев Arnapress.kz тілшісіне сұхбат берді. — Әсет Слямханұлы, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» қандай мақсатта әзірленді және оның негізгі функциялары қандай? — Бұл карта қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қылмыстылық туралы сенімді статистиканы қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына көмекке келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді» — делінген хабарламада.Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Қиын метеорологиялық жағдайда құқық қорғау қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін ұялатты.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
22 октября 2024
в 19:28
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Абай облысының бірнеше ауданында жергілікті атқарушы органдарының жұмысы тексеріліп, Құзырлы органдық тарапынан бағалау жүргізілді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бесқарағай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма және Бородулиха аудандарында жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, бірнеше маңызды қорытындылар жасалды.Бесқарағай ауданында 12 елді мекен су тасқыны қаупі жоғары аймаққа жатады.
Arna Press,
17 октября 2024
в 16:38
Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапАбай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.
Arna Press,
14 октября 2024
в 14:38
2018 жылдан бері KAZ Minerals Aktogay ЖШС арнайы оқу орындарында сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін 70 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, Абай облысындағы үш колледж үшін 214 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға басымдық береді.
EKaraganda.kz,
04 сентября 2024
в 16:55
Основной задачей Центра медицины катастроф является экстренная медицинская помощь пострадавшим при чрезвычайных ситуациях и ликвидации медико-санитарных последствий стихийных бедствий, аварий и катастроф.За все время существования бригады экстренного реагирования филиала Центра медицины катастроф Карагандинской области совершили 7603 выездов, оказали медицинскую помощь 10 028 пострадавших, 706 из которых были эвакуированы из зоны ЧС, а также провели 124 аварийно-спасательных работы.Еще в 2014 году они оказывали медико-психологическую помощь более 50 пострадавшим при прорыве дамбы в селе Кокпекты, а в 2015 году при подтоплении поселка им.
Arna Press,
11 июля 2024
в 12:28
ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті.
Arna Press,
02 июля 2024
в 20:48
Абай облысының мектеп оқушылары ғарыш техникасы саласындағы білімдері мен қабілеттерін көрсете отырып, зымыран макетін жасап, ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Зымыран макеті нағыз ұшу аппаратының барлық негізгі компоненттерін қамтиды:Борттық компьютердің «миы» ретінде оқушылар зымыранның барлық жүйелерін басқаратын Arduino Nano микроконтроллерін қолданды. Ұшу деректері кейінгі талдау үшін SD-картаға жазылады.Зымыран BMP280 датчигін пайдаланып биіктікті жазу және температураны есептеу үшін телеметриялық жүйемен жабдықталған.
Arna Press,
26 июня 2024
в 16:08
Астана қаласында халықаралық «World Space Olympiad» ракета құрастыру бойынша сайыс өтеді, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармансының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инженерлік сайыстың мақсаты — оқушылардың инженерлік интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандықтарға баулу.Сайыс екі категория бойынша өткізіледі: CanSat, Inventors.
Arna Press,
07 июня 2024
в 11:48
Ағымдағы жылдың 6 маусымында әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам жолда келе жатқан көліктерге тас лақтырып жатқан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 54 жастағы ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.
Arna Press,
28 марта 2024
в 13:38
Абай облысының бірқатар ауылын су басты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарма ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде еріген су даладан келіп Үшбиік ауылындағы екі шеткі көше су астында қалды.Барлығы 12 аула аумақтары су астында қалды, оның ішінде 9 пәтерге су кірді.
Arna Press,
27 марта 2024
в 14:28
Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған.
Arna Press,
12 февраля 2024
в 10:48
Абай облысының Аягөз ауданында жоғалған 8 жасар баланы табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды.
Arna Press,
11 февраля 2024
в 23:18
Аягөзде бүгін таңертең мал жаюға кеткен сегіз жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.
Arna Press,
09 января 2024
в 12:58
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жиында Мәжіліс депутаты Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.Қала халқының тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын бақылау, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту, қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көріп, тұрғындармен кездесті.
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Arna Press,
21 декабря 2023
в 14:38
Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Жоба Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Arna Press,
15 декабря 2023
в 20:18
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 16:12
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге бағытталған облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Аягөз ауданы бойынша көпбалалы отбасылармен жұмыс жасайтын комиссияның атқарған жұмысы, Семей қаласының Комсомол кентінің инфрақұрылымын дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдама, жол жөндеу және т.б.), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының алиментті өндіру жұмысы талқыланды.
Arna Press,
24 ноября 2023
в 17:28
Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 156 объектінің 12-сі Абай облысына тиесілі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына берген есебінде республика бойынша құрылыстың ұзақ салынатын санатына өткен 156 проблемалық әлеуметтік объект бар екенін атап өткен болатын.«Олардың қатарына Абай облысы бойынша Семей қаласындағы «Холодный ключ» және «Ақсай» кенттерін электрмен жабдықтау, «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын реконструкциялау, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру (Арбат), Шақаман ауылындағы су құбырының құрылысы, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы, Аягөз ауданы Ай және Қопа ауылдарындағы су жинау құрылғыларының құрылысы сияқты 12 объект енген» — делінген хабарламада.«Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын реконструкциялау бойынша жұмыстар барысын жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділері өз бақылауына алды.Сондай-ақ еріктілер қазандықтарға өлшеу құралдарын орнатып, сүзгілерді ауыстыруды және кәсіпорынның негізгі құралдарына толық түгендеу жүргізуді ұсынды.«Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағындықов өз баяндамасында жоғарыда аталған қазандықтарды реконструкциялаудың соңғы кезеңі аясында қоғам белсенділері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.«Осындай жұмыс барлық проблемалық объектілер бойынша жалғасатын болады» – деді Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов.Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі
Arna Press,
26 октября 2023
в 14:59
Аягөз қаласында үй өртеніп, оның ішінде болға төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түсті.
Arna Press,
12 октября 2023
в 11:28
Абай облысының полицейлері шетелдікті тонаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданының кезекші бөліміне Қарағандыда уақытша тіркелген шетел азаматынан өтініш келіп түсті, ер адам көлігінен ұрлық жасалғаны туралы хабарлады.