Танымал әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа барар жолда кішігірім жол апатына ұшыраған. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әншінің сөзінше, бәрі дін аман. «Бір Алла қақты. Әсіресе, ана машинаны қаққан екен. Бағанаға ұрмай Құдай сақтаған екен. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды.