Arna Press,
05 июня 2023
в 11:48
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында аспалы көпірмен жол қозғалысы ережелерін бұзудың айқын белгілері бар түлектер түсірілген бейне анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«TOYOTA» көлік құралының 19 жастағы жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды: — ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін. — ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамды басқарғаны үшін (оқу сапарынан басқа), сол сияқты көлік құралын тиісті көлік санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің басқарғаны үшін.«Бұдан басқа, «TOYOTA» көлік құралының 20 және 19 жастағы жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, яғни жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы бойынша», делінген баспасөз хабарламасында.
Arna Press,
02 июня 2023
в 12:48
«ANTI-FRAUD» Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Семей қ. Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.«Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады.
Arna Press,
01 июня 2023
в 17:58
Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана.
Arna Press,
31 мая 2023
в 12:48
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.
Arna Press,
29 мая 2023
в 16:18
Шымкентте сот нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын.
Arna Press,
29 мая 2023
в 14:18
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz