Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.
Arna Press,
04 марта 2026
в 14:58
Бұған дейін ата-аналар балалардың мектеп асханасындағы тамақ сапасына қатысты түрлі пікір білдіріп, кейбірі дәміне көңілі толмайтынын айтқан болатын. Осыған байланысты Arnapress.kz тілшісі Семей қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия асханасына арнайы барып, таңғы ас барысымен танысып, оқушылармен тілдесіп қайтты.Таңғы ас уақыты – сағат 10:00.
Arna Press,
03 марта 2026
в 17:58
Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Ол Бурабай ауданы аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатқан болатын. Осылайша, қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті деп хабарлайды Arnapress.kz 24kz сілтеме жасапЕске салайық, өткен аптада қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, күшті жарылыс болған еді.
Arna Press,
03 марта 2026
в 16:38
Абай облысында полицейлер қосалқы бөлшектерді қайта сату арқылы табыс табуды уәде еткен алаяқтық схеманың жолын кесті деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Семей қаласының полициясына 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өзін алдап кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 жастағы қала тұрғыны жәбірленушінің сеніміне кіріп, автокөлік қосалқы бөлшектерін сатып алып, кейін оларды үстеме бағамен қайта сату арқылы пайда табуды ұсынған.
Arna Press,
03 марта 2026
в 14:08
Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі импортталған.
Arna Press,
03 марта 2026
в 11:38
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көктемгі су тасқынына дайындық шаралары бойынша арнайы жиын өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңеске тиісті басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Қазгидромет РМК Абай облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Болатқан, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтарханов баяндама жасады.
Arna Press,
02 марта 2026
в 20:38
Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданы Октябрьский кентінде екінші республикалық «Бұқтырма балықшысы – 2026» мұз үсті балық аулау фестивалі өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауқымды шараға 300-ден астам адам жиналса, жарысқа ресми түрде 250 балықшы қатысты. Қатысушыларды Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, өңірде ішкі туризмді дамыту мен бұқаралық спортты қолдаудың маңызын атап өтті.Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Роман Иванов иеленіп, 500 мың теңге ұтып алды.
Arna Press,
02 марта 2026
в 17:28
Семей қаласының полициясы мемлекеттен тұрғын үй алуға көмектесеміз деп уәде етіп, 5 миллион теңге ірі көлемде иемденген алаяқтық дерегін тексеріп жатыр деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департамантіне баспасөзіне сілтеме жасап36 жастағы қала тұрғыны 2025 жылғы тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына ақша аударған.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның түсіндіруінше, аталған өзгерістер қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс аясында енгізілген.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Абай облысында «Қаладан ауылға» жобасы ауыл тұрғындарын тұрақтандыруға және елді мекендерге жаңа тұрғындарды тартуға бағытталған. Жоба шарты, міндеті және сайт та жасалып жатыр деп хабарлайды Arnapress.kz «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы жайлы анық-қанығын білу үшін осы жоба бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрармен байланысқа шықтық.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 15:38
2026 жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Астана қаласында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен U17 және U20 жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Аrnapress.kz.Аталған жарыста өңіріміздің намысын қорғаған Тайгулина Махаббат әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 14:18
Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінім қабылдауды қайта бастайды деп хабарлайды Аrnapress.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қабылдана бастайды.Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқан болатын.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 13:18
Семей қаласындағы №35 әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Еске сала кетейік, сайтымызға тұрғындар 35 маршурут суық, жеткенше тоңып барамыз деп жазған болатын. Соған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабында: «Аталған бағыт «Авто Транс» ЖШС жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру келісімшартына сәйкес қызмет көрсетеді.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 10:48
Щучинск қаласында орналасқан «Центр плова» дәмханасында жарылыс болып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, 26 ақпан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 19:08
Редакциямызға Семейдегі қоғамдық көліктерде суық болатындығы туралы тұрғындардан жиі шағымдар келіп түсуде, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқырмандардың сөзінше, автобустардағы жылыту жүйесі кейде істемей қалады, ал жолаушылар аязда тоңып, діттеген жерлеріне жетуге мәжбүр болады.«Восточныйдан БСМП-ға дейін 35-пен келдік, қатып қалдық.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 18:08
Air Astana жолаушыларға Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін ескертті. Бұл туралы компанияның Telegram — дағы арнасында мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Әуекомпанияның мәліметінше, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылады.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 18:08
Бейбітшілік аралында («Өлімнен де күшті» монументінің жанында) «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 17:48
Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Олимпиаданың Қазақстан үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 17:48
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли компания өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде білім саласына арналған «Qazaq Digital Mektebi» жобасын іске асыру мәселелері қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖиында компания өкілдері жобаның негізгі бағыттарын таныстырып, жасанды интеллектке негізделген білім беру платформасының мүмкіндіктерін баяндады.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 16:18
25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөзіне сілтеме жасапЭкипаж дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар аман-есен, өмірлері мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 14:38
Абай облысындағы ЖЭО-3 жылу орталығының орналасуы мен құрылыс мерзімі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін жазғанымыздай жылу беру қазандықтары өңірде ыс пен күйе мәселесіне қатысты шағымдарға жауап алсақ, енді жаңадан салынатын жылу орталығының іске қосылуы осы проблемаларды шешіп, облыс орталығының тұрғындарына тұрақты және сапалы жылу қамтамасыз етіледі.«Ең бастысы, облыс орталығында халықтың барлығы күтіп отырған жылу электр орталығының құрылысы көптеген мәселелерді шешетіні барлығымызға аян.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласы тұрғындарынан, әсіресе жылыту маусымында, аулада және көшеде ыс пен күйенің көбейіп, кейде таза ауада тыныстаудың қиындайтыны туралы шағымдар жиі түседі. Осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz«Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы қазандықтарды аралап шықтық.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 20:38
Алматы облысының тумасы, бүгінде 87 жасқа келген Алтыншаш Сариева — тағдырлы ғұмыр кешкен, тәубесі мен төзімі қатар өрілген ерекше жанмен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, тілдесті.Ол 1940 жылы Алматы облысы, Горный Гигант ауылында дүниеге келген. Бала күнгі естеліктері де ерекше. Айтуынша, кішкентай кезінде тілі шықпаса да, жүріп-тұратын болған. Үйде жалғыз қалып, есікті сыртынан тіреп кеткен сәттерде өзін бір тылсым күш қорғаштап жүргенін сезінгенін айтады. «Анам емшілік қасиеті бар кісі болған.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 15:48
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 14:28
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасы чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа уәде еткен Audi Q8 автокөлігін табыстады деп хабарлайды Аrnapress.kz кәсіпкердің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, Олимпиада чемпионының тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.«Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 12:18
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала ескертусіз балалар нысандарын тексеру тәжірибесін қайтарады және вакциналардың қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесін енгізеді, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Дерекке сүйенсек, соңғы жылдары тексерулердің саны 2012 жылғы 158 мыңнан 2025 жылы 440-қа дейін қысқарды, бұл қауіптерді болжау жүйесін әлсіретіп, инфекциялық аурулардың өршуіне әкелді.Жағдайды түзету үшін балалар болатын нысандарға алдын ала ескертусіз тексерулерді қоса алғанда, ерекше мемлекеттік бақылауды қайтаратын заң күшіне енді.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 12:18
Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді, деп хабарлады Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.«Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады», — деп жазылған хабарламада.Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады.
Vera.kz,
23 февраля 2026
в 20:29
Проект, остановленный в 2024 году, перезапускают в Уркере, сообщает vera.kzВокруг закупки светофорных объектов в жилом массиве Уркер (бывший поселок Ильинка) развернулась дискуссия о «завышенной стоимости». Однако анализ проектной документации, условий конкурса и официальных разъяснений акимата показывает: речь идет не о покупке «пяти светофоров», а о завершении комплексного инфраструктурного объекта с обязательной интеграцией в городскую систему управления движением.Объект, который ждали два годаВ феврале 2023 года на встрече (https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/500194?lang=ru) жителей Уркера с акимом Астаны Женис Касымбек были озвучены системные проблемы района: отсутствие тротуаров, светофоров, сетей, социальных объектов.За это время в массив провели газ, обновили инженерные сети, построили школу, пожарное депо, ФОК, занялись озеленением.
Arna Press,
23 февраля 2026
в 18:58
2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұл жарыс жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдайтын маңызды белес болды. Абай облысының балуандары чемпионатта жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аймақ намысын абыроймен қорғады.80 келі салмақта Төлеуғали Әлинұр жеңімпаз атанды. Әлинұрмен тілшіміз әңгімелесіп, оның дайындығы мен спортқа деген құштарлығы туралы білді.«Мен Абай облысы, Аягөзде туып-өстім.
Arna Press,
23 февраля 2026
в 18:58
15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумға арналған бюллетень үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасапБюллетеньде: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ берілген.Дауыс берушілерге екі жауап нұсқасы ұсынылады: «Иә, қабылдаймын» және «Жоқ, қабылдамаймын».