EKaraganda.kz,
01 января 2023
в 10:55
«Құрметті отандастар! Міне, біз қазір бір ел болып, Жаңа жылды қарсы аламыз. Оны бәріміз ізгі ниетпен күтіп отырмыз. Осы сәтте мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілек айтамыз. Болашаққа сеніммен қарап, жоспар құрамыз. Миллиондаған азаматтарымыз сияқты мен жаңа жыл жарылқасын деп келешекке үмітпен қараймын. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық.
Arna Press,
26 декабря 2022
в 17:48
Қазақстанда инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігіне байланысты 2023 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтер көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews -ке сілтеме жасап.Сенатта «Табиғи монополиялар туралы» заңға бірқатар түзету енгізетін заң жобасы қаралды.
Arna Press,
23 декабря 2022
в 11:48
2022 жылғы 22 желтоқсанда і мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онлайн сауда «gosreestr.kz» электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3600-3700 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті.Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.Онлайн сауда-саттық, аукционның ашық өтуіне септігін тигізе отырып, қатысушылардың арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастырды.
Новости пресс-служб,
26 ноября 2014
в 09:32
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.