Arna Press,
27 ноября 2023
в 19:38
«Жыл соңына дейін қазақстандықтардың картасына ақша түседі» деген ақпарат жалған екенін ескертілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпараттың шынайылығын тексеретін Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ.
Arna Press,
27 ноября 2023
в 12:08
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com
Arna Press,
21 ноября 2023
в 18:18
Елімізде 23 қарашада ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2023 жылғы 23 қарашада сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) республика бойынша электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.
Магнолия,
21 ноября 2023
в 10:58
Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді.
Arna Press,
16 ноября 2023
в 15:28
Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
13 ноября 2023
в 14:48
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады.
Arna Press,
10 ноября 2023
в 16:48
Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Arna Press,
07 ноября 2023
в 17:48
6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.«Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты.
Костанайские Новости,
07 ноября 2023
в 11:11
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.
Arna Press,
04 ноября 2023
в 22:48
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырған байқауды қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының құрылғанына бір жылдан астам уақыт өтсе де, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының филиалы мұнда кейіннен құрылды.
Arna Press,
30 октября 2023
в 14:28
Қазақстанда жаңа институт құрылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Akorda.kz (KZ),
26 октября 2023
в 12:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.Ер адам кінәсін мойындаған.«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Arna Press,
17 октября 2023
в 15:08
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет үйінде өткен брифингте «Міржақып. Оян қазақ!» фильмінің прокаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Барлық дистрибьюторлық ұйымдардың өз кестесі бар. Біз мұндай көп көрермен болады деп ойлаған жоқпыз және шынымен де бір уақытты таңдаған едік.
EKaraganda.kz,
13 октября 2023
в 11:35
Қарағанды облысының ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Кайракбаевтың айтуынша, жәбірленушілерге аса ірі көлемде келтірілген залал тіркелген фактілердің саны 41%-ға азайған. -Бізде қазіргі заманғы зертхана, әртүрлі деректер базасы және қылмыстың осы түрін есептеуге және жолын кесуге мүмкіндік беретін қуатты технология бар — деді ол.Жақында интернетте 170-тен астам алаяқтық жасады деген күдікпен 40 адам ұсталды.
Arna Press,
12 октября 2023
в 18:58
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Петициялар бойынша жазбаша арыздардың нысандарын бекіту» туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, петиция жазу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша арыз жазу қажет.Арызда мыналар көрсетіледі:Арызда петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы өтініш және оның мазмұнының атауы көрсетіледі.Мына құжаттар арызға қоса беріледі:Өтініш беруші сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты екенін растайды және дербес деректерді өңдеуге келіседі.Оған қоса интернет-ресурстағы петицияға қосылуға арыз нысаны әзірленді.