Яндекс Go сервисі 1 қыркүйекте такси жүргізушілердің балаларына «Scratch-те ойын әзірлеу» немесе «Жеке блог құру» сияқты бағдарламалауды оқыту курстарында 200 орынды тегін бөлді. Курстар Яндекс Учебник сервисінің платформасында орыс және қазақ тілдерінде 5-9-шы сынып оқушыларына қолжетімді. Тегін орындардың біріне ие болу үшін балалар ата-аналарымен бірге сауалнаманы толтырып, онда өздерінің немен әуестенетіні және цифрлық мамандықты игеруге ынта-ықыласы туралы айтып берулері қажет.Сабақтар демалыс күндері онлайн режимінде өтеді, сондай-ақ оқуға компьютер мен интернетке қолжетімділік қана қажет.