Популярные темы

Семейде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Дата: вчера в 18:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Семей қаласында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, спортпен шұғылдануына жағдай жасау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдіктің баспасөзіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қаладағы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубында 19 спорт түрі бойынша 253 спортшы жаттығады. Оның 72-сі ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Сонымен қатар қалада 21 көлікпен «Инватакси» қызметі көрсетіліп, 53 әлеуметтік нысан ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға бейімделген.

Жиында азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жұмыс іздеп жүрген әрбір азаматпен жеке жұмыс жүргізу, кәсіби біліктілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес бос жұмыс орындарын ұсыну, қажет болған жағдайда кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға бағыттау қажеттігі атап өтілді.

Қала әкімі жауапты бөлімдерге осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды және мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями