Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.
Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Ал қазақстандық тарап рейстерді Өскемен мен Семейге, сондай-ақ болашақта Зайсан және Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға дейін кеңейтуді ұсынды.
Тараптар сондай-ақ COMAC C909 ұшақтарын пайдалана отырып, өңірлік тасымалдарды жүзеге асыратын бірлескен әуе компаниясын құру мүмкіндігін қарастырды. Жоба туризмді дамытуға, көлік қатынасын жақсартуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Кездесу қорытындысында екі тарап азаматтық авиация саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press