Популярные темы

Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды

Дата: вчера в 13:36 Категория: Новости спорта


Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты. 

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями