Популярные темы

Семейдегі Bala Park кәсіпкерлері: кәсібіміз тоқтап қалды, тексеру қашан аяқалатыны белгісіз

Дата: вчера в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдегі Bala Park кәсіпкерлері: кәсібіміз тоқтап қалды, тексеру қашан аяқалатыны белгісіз

Bala Park ойын-сауық орталығының бутиктерін жалдап отырған кәсіпкерлер Arnapress.kz редакциясына өз мәселелерін жеткізді.

Еске сала кетейік, 3 наурыз күні орталық ғимаратынан өрт шығып, шатыры опырылған болатын. Қазіргі уақытта нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Алайда тексеру жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бутиктердегі тауарлар аман, алайда тексеру шараларына байланысты ғимарат аумағына кіруге рұқсат берілмей отыр.

«Бутиктеріміз де, заттарымыз да сол күйінде тұр. Бірақ «тексеру жүріп жатыр» деп ішке кіргізбейді. Бізде күнделікті төлейтін несиелеріміз, берешектеріміз бар. Жұмысымыз апталап, айлап тоқтап қалмаса екен дейміз. Бір-екі күннің ішінде мәселеміз шешіліп, бутиктерімізді ашып берсе екен. Нақты ақпарат беріп жатқан ешкім жоқ», – дейді кәсіпкерлер.

Мән-жайды анықтау үшін редакция Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Айбек Рахымбековке хабарласты.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалып, қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Кәсіпкерлердің тізімін алып, қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз. Егер несиелері болса, банктерге тиісті өтініштер жолданып, төлем мерзімін кейінге шегеру мәселесі қаралады, деді

Егер өрттің шығуына орталықтың кінәсі дәлелденсе, шығынды өтеу мәселесі де қаралатын болады. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жадынама әзірленеді. 

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Кәсіпкерлер нақты шешім мен жұмысын қайта бастау мерзімін күтіп отыр.

Фото: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алат
Поделитесь новостью с друзьями