Популярные темы

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Дата: сегодня в 18:28 Категория: Здоровье


Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған. Аталған орталықта 18 жастан асқан, психоневрологиялық аурулары бар, I және II топтағы мүгедектігі бар 400 адамға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бұған дейін орталықта 1964 және 1970 жылдары салынған екі корпус болған.

Қосымша корпустың жалпы аумағы 6 281,8 шаршы метрді құрайды. Ғимарат халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес келеді. Мұнда емдік-еңбек шеберханасы, медициналық кабинеттер, заманауи асхана мен буфет, шаштараз, кітапхана және жатын бөлмелер қарастырылған.

Аймақ басшысы жаңа нысанның әлеуметтік маңызына тоқталып, бұл мекеме ерекше күтімді қажет ететін азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, қайтарылған активтер есебінен өңірде жалпы құны 22 млрд теңгені құрайтын 25 әлеуметтік нысанның құрылысы басталған. Қазіргі таңда олардың үшеуі пайдалануға беріліп, 22 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Жаңа мекеме іске қосылғаннан кейін қосымша жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Қазіргі уақытта облыс бойынша мұндай қызметке 101 адам кезекте тұр.

Айта кетейік, Абай облысында 23 800 мүгедектігі бар адам тұрады. 2026 жылы өңірде 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанды техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамту үшін 3,3 млрд теңге бөлінген. Биыл әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін арттыру мақсатында 200 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Здоровье
Поделитесь новостью с друзьями