Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі.
Тиісті қаулы жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады. Ведомство мәліметінше, төлемдердің мөлшері әр жағдайда жеке есептеледі. Ол мыналарға байланысты:
Бұған дейін МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған:
Кімдерге беріледі?
Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем асырауында болған адамдарға тағайындалады. Ол мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек төленеді. Қаражат асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал егер ол күндізгі бөлімде оқыса – 23 жасқа дейін беріледі, деп түсіндірді министрлік.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлем МӘСҚ қатысушыларына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек тағайындалады.
Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды
По сообщению сайта Arna Press