Стоковые изображения от Depositphotos
Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында күрес мектебі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, әжелер, тұрғындар қатысып, аудан әкімі Даурен Қойгелдин жерлестерін құттықтады
«2023 жылы ауыл азаматтарының көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп енді ауыл балаларының күреспен алаңсыз шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. 50 балаға арналған күрес мектебінің бір ерекшелігі күрестен бөлек бокс үйірмесі де жұмыс жасамақ» — делінген хабарламда.
Күрестің небір майталман шеберлері шыққан Мақаншы өңірінде болашақта жаңа буын чемпиондарын баулуға осы мектептің қосары үлесі зор болмақ.
Аудан әкімі шара барысында мектептің пайдалануға берілуіне атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіре отырып, Алғыс хаттармен марапаттады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press