Популярные темы

Абай облысында 300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді

Дата: 14 августа 2024 в 14:18 Категория: Новости интернета


Абай облысында  300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Стоковые изображения от Depositphotos

Жыл басынан бері Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында 300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 13-15 тамыз аралығында облыс аумағында «Аnti-fraud«жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, тәртіп сақшылары атап өткендей, әлеуметтік желілердегі онлайн-мәмілелерге байланысты жасалатын, банк карталарынан ақша ұрлау, азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық болып табылады.

Полицейлер барлық азаматтарды қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 арнасына хабарлауға шақырады.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями